2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) №1 қосымшаға сәйкес экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позиция енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 41С ескертпемен толықтырылсын:
"41С) Кедендік құнның 5 % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 154 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 15.12.2019 дейінгі аралықта қолданылады".
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесі мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"8477 10 000 1 | --- | 2 200 т (22 000 кН) аспайтын қабысу күшімен және 28 200 см3 аспайтын бүрку көлемімен | 1,7". |
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы №154 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН | Позицияның атауы | Қос. өлшем бірлігі | ||
8477 10 000 0 | -- инжекциялық-құю машиналары | дана |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы №154 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН | Позицияның атауы | Қос. өлшем бірлігі | ||
8477 10 000 0 | -- инжекциялық-құю машиналары | |||
8477 10 000 1 | -- 2 200 т (22 000 кН) аспайтын қабысу күшімен және 28 200 см3 аспайтын бүрку көлемімен | дана | ||
8477 10 000 9 | -- өзгелері | дана |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы №154 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН | Позицияның атауы |
Кедендік әкелу бажының ставкасы |
8477 10 000 1 | -- 2 200 т (22 000 кН) аспайтын қабысу күшімен және 28 200 см3 аспайтын бүрку көлемімен | 041С) |
8477 10 000 9 | -- өзгелері | 0 |