Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 167 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 180-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 наурыздағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістердің 2-тармағының "г" тармақшасын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Көрсетілген өзгерістердің 2-тармағының "г" тармақшасы осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тауарларға арналған декларацияның, транзиттік декларацияның құрылымдары мен форматтарын бекіту және тауарларға арналған декларацияны түзету көзделетін шешімдері күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 5 желтоқсандағы
№167 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 7-тармақтың бірінші абзацындағы "бас" деген сөз "кіші" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. 15-тармақта:

      а) 33-тармақшада:

      екінші абзацтағы (кестеден кейін) "Егер тауардың жалпы массасы бір килограмнан асса," деген сөздер "Ал егер тауардың жалпы массасы 1 граммнан кем шаманы құраған жағдайда – үтірден соң алты белгіге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші және төртінші абзацтар (кестеден кейін) алып тасталсын;

      б) 36-тармақшада:

      алтыншы абзацтағы (кестеден кейін) "Егер тауарлардың жалпы массасы бір килограмнан асса," деген сөздер "Ал егер тауардың жалпы массасы 1 граммнан кем шаманы құраған жағдайда – үтірден соң алты белгіге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші және сегізінші абзацтар (кестеден кейін) алып тасталсын;

      в) 39-тармақшаның төртінші абзацындағы (кестеден кейін) "алтыншы белгіге" деген сөздер "алты белгіге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 48-тармақшаның алтыншы абзацындағы (кестеден кейін) "тоғыз символды цифрлық" деген сөздер алып тасталсын.

      3. Көрсетілген Нұсқаулыққа 1-қосымшада:

      а) 12-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"12

Ашалы қармауышы бар автотиегіштер; көтеру немесе тиеу-түсіру жабдығымен жарақтандырылған арбалар


8427";

      б) 28-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"12

Ағынды немесе жинақтаушы (сыйымдылықты) электрмен су жылытқыштар және батпалы электр жылытқыштар;
кеңістікті жылытатын және топырақты жылытатын электр жабдығы, шашты күтуге арналған электр термиялық аппараттар
(мысалы шаш кептіргіштер, бигудилер, ыстықтай бұйралайтын қыстырғыштар), қол кептіргіштер; электр үтіктер; өзге де тұрмыстық электрмен жылыту приборлары
 

8516 (8516 80, 8516 90 000 0 басқа)".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады