Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 172 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 7-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешімімен бекітілген Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Одақтың кедендік аумағына әкелуінің немесе Одақтың кедендік аумағынан әкетуінің Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған ерекшеліктері туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№172 шешіміне
ҚОСЫМША

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Жеке тұлғалардың № 5 қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген шифрлау (криптографиялық) құралдарын жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуі немесе әкетуі мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжаты) не нотификациялау туралы мәліметтер ұсынылмай жүзеге асырылады. Егер шифрлау (криптографиялық) құралдары осы Ережеге № 5 қосымшада көзделген тізбеге енгізілмеген жағдайда, оларды әкелуді немесе әкетуді жеке тұлғалар осындай тауарларға қатысты нотификациялау туралы мәліметтер болған кезде ғана жүзеге асырады. Осы Ережеге № 5 қосымшада көзделген тізбеге енгізілмеген және оларға қатысты нотификациялау туралы мәліметтер жоқ шифрлау (криптографиялық) құралдарын жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салынады.

      Жеке тұлғалардың шифрлау (криптографиялық) құралдарын жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде өткізуінің Осы Ережеде белгіленген тәртібін ықтимал бұзушылықтар туралы мәліметтер мүше мемлекеттің кеден органында болған жағдайда кедендік бақылау жүзеге асырылады.".

      2. Мынадай мазмұндағы № 5 қосымшамен толықтырылсын:

  "Шифрлау (криптографиялық)
құралдарын Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағына әкелу және
Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағынан
әкету туралы ережеге
№ 5 ҚОСЫМША

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуі немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуі кезінде қорытындыны (рұқсат беру құжатын) не нотификациялау туралы мәліметтерді ұсыну талап етілмейтін шифрлау (криптографиялық) құралдарының ТІЗБЕСІ

      1. Жаппай қолдануға арналған, кеңінен ұсынылған және нарықта еркін сатылатын, төмендегі бағдарламалардың бірін білдіретін кез келген жеткізгіштегі жалпыға бірдей қол жетімді бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалар жиынтығы):

      а) операциялық жүйе (мысалы, Linux, Microsoft Windows, Mac OS X, Android, iOS және т.б..);

      б) интернет-браузер (мысалы, Google Chrome, Internet Explorer, Opera, Apple Safari, Mozilla Firefox және т.б.);

      в) электрондық поштамен алмасу құралы (мысалы, Mozilla Thunderbird, The Bat!, Opera Mail және т.б.);

      г) "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісі бойынша онлайын-қарым-қатынасына арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (мысалы, WhatsApp, Viber, WeChat, Skype және т.б.);

      д) дербес компьютерде электрондық құжаттаманы өңдеуге арналған бағдарламалар: мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, тұсаукесерлер дайындау бағдарламалары, деректер базаларын басқару жүйелері, бухгалтерлік бағдарламалар және басқалар (мысалы, OpenOffice, Microsoft Office, Kingsoft Office, 1С, Галактика – Парус және т.б.);

      е) вирусқа қарсы құралдар (мысалы, Kaspersky, Dr.Web, NOD32, Norton Antivirus және т.б.);

      ж) аудармашы-бағдарламалар (мысалы, ABBYY Lingvo, PROMT және т.б.);

      з) архиваторлар (мысалы, WinRAR, 7z, WinZip, Arj және т.б.);

      и) музыка тыңдауға және өңдеуге, бейнені және кескіндерді қарауға және өңдеуге арналған бағдарламалар;

      к) файлдарды беру құралдары;

      л) ойын бағдарламалары;

      м) интернет-банкингтің төлем жүйелері;

      н) әлеуметтік желілер мен олардың сервистерінде пайдалануға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету.

      2. Кез келген жеткізгіштегі электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) құралдары.

      3. Компьютерлер (дербес компьютерлер, моноблоктар, қалта компьютерлері, нетбуктар, ноутбуктар, планшеттік компьютерлер, ойынға арналған қалта приставкалары, смартфондар, "ақылды сағат" электрондық құрылғылары, велосипедтік компьютерлер және т.б.), олардың:

      а) бағдарламалық қамтамасыз етусіз немесе осы тізбенің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген орнатылған (алдын ала орнатылған) бағдарламалық қамтамасыз етуі бар;

      б) осы тізбенің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етуден ерекшеленетін жалпыға бірдей қол жетімді түрде қолданылатын, ондағы шифрлау функциясы қосалқы болып табылатын және пайдаланушы оны өзгерте алмайтын орнатылған (алдын ала орнатылған) бағдарламалық қамтамасыз етуі бар электрондық модульдері мен бөліктері.

      4. Банк карталары, сим-карталар, дисконттық карталар, жол жүру құжаттары бар карталар, әлеуметтік карталар, қол жетімділікті бақылаудың электрондық карталары, электрондық сәйкестендіру карталары және криптографиялық мүмкіндіктері пайдаланушыға қол жетімсіз, жалпыға бірдей қол жетімді түрде қолдануға арналған басқа да электрондық карталар.

      5. Радио хабарларын таратуға және телевизияға арналған қабылдау аппаратурасы және оның бөліктері, соның ішінде коммуникациялық функциясы бар қабылдағыштар.

      6. Шифрланған байланыстың мобильдік желілеріне арналып мамандандырылған (толассыз шифрлауға қабілетті) телефондар мен аксессуарларды қоспағанда, ұялы байланыс желілеріне арналған телефон аппараттары және аксессуарлар.

      7. Тауарлар, соның ішінде принтерлер, мультифункционалдық құрылғылар (принтер, сканер, көшіру аппараты және т.б.), көшіру аппараттары және өндірушінің техникалық шарттарына сәйкес күшейтілмейтін және ретрансляциялауы 400 жетпейтін ең ұзақ қашықтықтағы әрекеті бар ақпаратты шифрлауды жүзеге асыратын жабдықты қамтитын олардың электрондық модульдері, соның ішінде "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісі мен жергілікті желілерге арналған маршрутизаторлар (роутерлер) мен сымсыз модемдер.

      8. Радионавигациялық қабылдағыштар, қашықтықтан басқару аппаратурасы және олардың бөліктері.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады