Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 112-бабының 1 – 4-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы "Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" № 289 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №173 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауындағы "көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар" деген сөздер "мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Мәтін бойынша "көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар" деген сөздер "мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Кіріспедегі "Кеден одағы Кеден кодексінің 68, 191 және 193-баптарына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 112-бабының 1 – 4-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібінде:
а) атауындағы "көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар" деген сөздер "мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мәтін бойынша тиісті септіктегі "өзгерістер және (немесе) толықтырулар" деген сөздер тиісті септіктегі "өзгерістер (толықтырулар)" деген сөздермен, тиісті септіктегі "көрсетілген мәліметтерге" деген сөздер тиісті септіктегі "мәлімделген мәліметтерге" деген сөздермен (24-тармақтың бірінші абзацын қоспағанда), тиісті септіктегі "электрондық көшірме" деген сөздер тиісті септіктегі "электрондық түр" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 2-тармақтың бірінші абзацындағы "9-тармақта" деген сөздер алып тасталсын;
г) ІІ бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"ІІ. Тауарларға арналған декларацияда тауарлар шығарылғанға дейін мәлімделген мәліметтерге декларанттың бастамасы бойынша өзгерістер (толықтырулар) енгізу
5. ТД-да мәлімделген мәліметтерге декларанттың бастамасы бойынша өзгерістер (толықтырулар) енгізу мыналардың:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 112-бабының 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы декларанттың уәжді өтініші (бұдан әрі – өтініш) бойынша кеден органының рұқсатының;
б) алдын ала кедендік декларациялау кезінде ТД беру сәтінде өзінің сипаты бойынша декларантқа белгісіз болуы мүмкін ТД-дағы мәліметтерді мәлімдеу немесе ТД-да мәлімделген мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде Кодекстің 114-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда өтініш бойынша кеден органының рұқсатының негізінде жүзеге асырылады.
6. ТД-да тауарлар шығарылғанға дейін мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін декларант ТД тіркеген кеден органына тиісті түрде толтырылған ДТТ болып табылатын өтінішті ұсынады.
ДТТ-ға ТД-да мәлімделген мәліметтерге енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттар, ал тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – кедендік құн декларациясы (бұдан әрі – КҚД) да қоса беріледі. Егер ТД электрондық құжат түрінде берілсе, ДТТ және ТД-да мәлімделген мәліметтерге енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттар электрондық нысанда, соның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
КҚД электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ұсынылады (ТД беру нысанына қарай).
ТД-да мәлімделген мәліметтерге енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттар, егер осындай құжаттар туралы мәліметтер және (немесе) олардан алынған мәліметтер Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес алынуы мүмкін болса, кеден органына ұсынылмауы мүмкін.
7. ДТТ беруге, тіркеуге, тіркеуден бас тартуға, ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдауға және ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тартуға байланысты кедендік операциялар кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, ДТТ журналында жазбаша және (немесе) электрондық түрде тіркеледі.
8. ДТТ-ны электрондық құжат түрінде беру кезінде кеден органы ДТТ берілген күні және уақыты туралы мәліметтер қалыптастырады және оларды декларантқа электрондық нысанда жібереді.
ДТТ-ны қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде беру кезінде кеден органы ДТТ-ның "А" бағанына ДТТ беру уақыты мен күнін көрсете отырып тіркеу нөмірімен белгі қояды.
9. Осы Тәртіптің 3 – 6-тармақтары сақталған жағдайда, кеден органы Кодекстің 119-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімінен аспайтын мерзімде ДТТ-ны мұндай ДТТ-ға Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықтың 10-тармағының 11-тармақшасында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын тіркеу нөмірін беру жолымен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, ДТТ тіркеу журналына жазбаша және (немесе) электрондық түрде тіркейді.
ДТТ-ны электрондық құжат түрінде беру кезінде кеден органы декларантқа мұндай ДТТ-ның тіркелген күні және уақыты, оның тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ДТТ-ны қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде беру кезінде кеден органы ТД-ның, ДТТ-ның тиісті бағандарына және тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу жағдайында – КҚД-ның тиісті бағандарына тиісті жазбалар жазады (белгілер қояды).
10. Осы Тәртіптің 3 – 6-тармақтарының ережелері сақталмаған жағдайда кеден органы Кодекстің 119-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімінен аспайтын мерзімде бас тартудың себептерін, күнін және уақытын көрсете отырып, ДТТ-ны тіркеуден бас тартуды ресімдеу жолымен ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тартады.
ДТТ-ны электрондық құжат түрінде беру кезінде кеден органы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мәліметтерді электрондық нысанда декларантқа жібереді.
Декларанттың электрондық құжат түрінде берілген ДТТ-ны тіркеуден бас тартуды алған күні мен уақыты туралы мәліметтер декларанттың ақпараттық жүйесімен тіркеледі және электрондық нысанда кеден органына жіберіледі.
ДТТ-ны тіркеуден бас тарту (егер ДТТ қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген жағдайда) ДТТ-ның келесі бетінде не А4 форматындағы жеке парақта кк.аа.жжжж форматында (күн, ай, күнтізбелік жыл) бас тарту туралы шешім қабылданған күні және hh:mm (сағат және минуттар) форматында уақыты, кеден органы лауазымды тұлғасының (бұдан әрі – лауазымды тұлға) тегі және аты-жөні көрсетіле отырып ресімделеді және жеке нөмірлік мөрдің бедері қойылып оның қолтаңбасымен куәландырылады.
Егер ДТТ-ның келесі жағында ДТТ-ны тіркеуден бас тарту туралы қажетті ақпаратты көрсету үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай ақпарат А4 форматындағы жеке парақта ресімделуі мүмкін.
Егер қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген ДТТ-ны тіркеуден бас тарту А4 форматындағы жеке парақта ресімделген жағдайда, лауазымды тұлға декларантқа ДТТ-ның 2 данасын және ДТТ-ға қоса берілетін құжаттарды (егер декларант мұндай құжаттарды ұсынған жағдайда), сондай-ақ ДТТ-ны тіркеуден бас тартудың 1 данасын табыс етеді.
Егер қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген ДТТ-ны тіркеуден бас тарту ДТТ-ның келесі жағында ресімделген жағдайда, лауазымды тұлға декларантқа бірінде ДТТ-ны тіркеуден бас тарту ресімделген және ДТТ-ға қоса берілетін құжаттар (егер декларант мұндай құжаттарды ұсынған жағдайда) бар ДТТ-ның 2 данасын табыс етеді.
ДТТ данасы (даналары), ДТТ-ға қоса берілетін құжаттардың (егер декларант мұндай құжаттарды ұсынған жағдайда) көшірмелері, сондай-ақ ДТТ-ны тіркеуден бас тартудың екінші данасы (егер бас тарту А4 форматындағы жеке парақта ресімделсе) кеден органында қалады және кеден мақсаттары үшін пайдаланылады.
ДТТ данасын (даналарын) алған тұлға кеден органында қалатын ДТТ данасына (даналарына), сондай-ақ ДТТ-ны тіркеуден бас тартудың екінші данасына (егер бас тарту А4 форматындағы жеке парақта ресімделсе) кк.аа.жжжж форматында (күн, ай, күнтізбелік жыл) ол алынған күнді және hh:mm (сағат және минуттар) форматында уақытты қояды және осы жазбаны тегі мен аты-жөнін көрсете отырып өз қолтаңбасымен куәландырады.";
д) 11-тармақтың "а" тармақшасында:
бірінші абзацтағы "декларанттың ТД-да көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы уәжді өтінішіне (бұдан әрі – өтініш)" деген сөздер "өтінішке" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "кедендік, өзге де төлемдердің" деген сөздер "кедендік төлемдердің, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының және алынуы кеден органдарына жүктелетін өзге де төлемдердің (бұдан әрі – кедендік, өзге де төлемдер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 18-тармақтың "а" тармақшасындағы "99-бабында" деген сөздер "310-бабының 7-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) 21-тармақтағы "№ 2 қосымшаға" деген сөздер "№ 1 қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
з) 24-тармақтың бірінші абзацындағы "өзгертілетін және (немесе) толықтырылатын" деген сөздер "өзгертілетін (толықтырылатын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
и) мынадай мазмұндағы VІ бөліммен толықтырылсын:
"VІ. Тауарларға арналған декларацияда тауарлар шығарылғанға дейін мәлімделген мәліметтерге кеден органының талабы бойынша өзгерістер (толықтырулар) енгізу
27. Кодекстің 112-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігі анықталған кезде кеден органы тауарлар шығарылғанға дейін ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талапты (бұдан әрі – талап) электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде (ТД беру нысанына қарай) жібереді (табыс етеді).
Сыныптамалық кодқа өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда Кодекстің 20-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданған тауарларды сыныптау туралы шешім талаппен бір мезгілде жіберіледі.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі талап А4 форматындағы жеке парақта № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада ресімделеді.
28. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі талап декларантқа қол қойдырып табыс етіледі не оның ТД 54-бағанында көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. Талапты қол қойып алған тұлға оны алуының кк.аа.жжжж форматындағы (күн, ай, күнтізбелік жыл) күнін және hh:mm (сағат және минуттар) форматындағы уақытын қояды және тегі мен аты-жөнін көрсете отырып осы жазбаны өзінің қолтаңбасымен куәландырады.
Электрондық құжат түріндегі талапты кеден органы декларантқа кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жібереді не оның ТД 54-бағанында көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жібереді.
Декларанттың электрондық құжат түріндегі талапты алған күні мен уақыты туралы мәліметтерді декларанттың ақпараттық жүйесі тіркейді және кеден органына электрондық нысанда жіберіледі.
29. Декларант Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал шығару мерзімін ұзарту жағдайында – Кодекстің 119-бабының 6-тармағында) белгіленген мерзімде тиісті түрде толтырылған ДТТ-ны, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – КҚД-ны да, ал кедендік, өзге де төлемдер төленген жағдайда – егер оларды ұсыну мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделсе, олардың төленгенін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді де ұсынуға міндетті.
КҚД электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ұсынылады (ТД беру нысанына қарай).
Кедендік, өзге де төлемдердің төленгенін растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер, егер оларды ұсыну мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделсе, электрондық құжаттар немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар түрінде ұсынылады (ТД беру нысанына қарай).
Егер олар кеден органының талабына сәйкес өзгертуге (толықтыруға) жататын мәліметтермен байланысты болса, декларант ДТТ-да өзге де өзгертілген (толықтырылған) мәліметтерді мәлімдеуі мүмкін.
Егер өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер кеден органының талабына сәйкес өзгертуге (толықтыруға) жататын мәліметтермен байланысты болмаса, оларды декларант жеке ДТТ-мен ұсынады.
30. Егер декларант Кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде кеден органына ДТТ ұсына алмаса, ол бұл туралы Кодекстің 362-бабына сәйкес осы мерзім өтіп кеткенге дейінгі 1 сағаттан кешіктірмей кеден органына хабарлауға міндетті.
Егер талап декларантқа Кодекстің 362-бабына сәйкес кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып электрондық нысанда жіберілсе не қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде Кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген тауарларды шығару мерзімі өтіп кеткенге дейін 2 сағатқа жетпейтін уақытта декларантқа қол қойдырып табыс етсе, кеден органына хабарлау талап етілмейді.
Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген жағдайларда, кеден органы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген тауарларды шығару мерзімі өтіп кеткенге дейін Кодекстің 119-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімін ұзартады және Кодекстің 119-бабының 9-тармағына сәйкес ол туралы декларантты хабардар етеді.
31. Егер ДТТ, ал тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – КҚД да тиісті түрде толтырылған жағдайда, кеден органы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал шығару мерзімін ұзарту жағдайында – Кодекстің 119-бабының 6-тармағында) белгіленген мерзімде ДТТ-ны тіркейді.
ДТТ-ны электрондық құжат түрінде беру кезінде кеден органы декларантқа мұндай ДТТ-ның тіркелген күні және уақыты, оның тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ДТТ-ны қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде беру кезінде кеден органы ТД-ның, ДТТ-ның тиісті бағандарына және тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу жағдайында – КҚД-ның тиісті бағандарына тиісті жазбалар жазады (белгілер қояды).
Егер ДТТ, ал тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – КҚД да тиісті түрде толтырылмаған жағдайда, кеден органы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал шығару мерзімін ұзарту жағдайында – Кодекстің 119-бабының 6-тармағында) белгіленген мерзімде осы Тәртіптің 10-тармағында көзделген тәртіппен ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тартады.";
к) көрсетілген Тәртіпке № 1 қосымша алып тасталсын;
л) көрсетілген Тәртіпке № 2 қосымшада:
нөмірлеу тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібіне № 1 қосымша";
атауындағы "көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар" деген сөздер "мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтін бойынша тиісті септіктегі "өзгерістер және (немесе) толықтырулар" деген сөздер тиісті септіктегі "өзгерістер (толықтырулар)" деген сөздермен, "көрсетілген мәліметтерге" деген сөздер "мәлімделген мәліметтерге" деген сөздермен, "электрондық көшірмесін" деген сөздер "электрондық түрін" деген сөздермен, "кедендік баждарды, салықтарды" деген сөздер "кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің алтыншы бағанының атауындағы "Өзгертілген және (немесе толықтырылған" деген сөздер "Өзгертілген (толықтырылған)" деген сөздермен ауыстырылсын;
м) мынадай мазмұндағы № 2 қосымшамен толықтырылсын:
"Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібіне № 2 ҚОСЫМША |
(нысан)
Тауарларға арналған декларацияда тауарлар шығарылғанға дейін мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы ТАЛАП
20_____ж. "_____"___________
Кеден органының |
Декларант |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 112-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларға арналған тіркеу №_____________декларацияда мәлімделген тауарлар мен мәліметтерге қатысты кедендік бақылау жүргізу барысында мыналардың анықталғанын хабарлаймыз:
___________________________________________________________________________________________________________________________
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында 20_____ж. "_____"___________ дейін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мынадай мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет:
Р/с № | Тауардың реттік нөмірі | Бағанның/бағанның кіші бөлімінің нөмірі | Мәлімделген мәліметтер | Өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер |
___________________________________________________________ (кеден органы лауазымды тұлғасының Т.А.Ә.)* (қолы)* | Жеке нөмірлік мөрі |
Талап алынды:
___________________________________________ ___________ _____________________________
(декларанттың (кеден өкілінің) Т.А.Ә.) (қолы) (талап алынған күн және уақыт)
Талап жіберілді*:
___________________________________________________________________________________________
(электрондық пошта мекенжайы – талапты электрондық поштамен жіберу кезінде көрсетіледі)
______________________________ __________ ____________ (талапты электрондық поштамен (қолы) жіберілген жіберген кеден органы лауазымдық күні және тұлғасының Т.А.Ә.) уақыты) | Жеке нөмірлік мөрі |
5. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта:
мәтін бойынша тиісті септіктегі "өзгеріс және (немесе) толықтыру" деген сөздер тиісті септіктегі "өзгеріс (толықтыру)" деген сөздермен, тиісті септіктегі "көрсетілген мәліметтерге" деген сөздер тиісті септіктегі "мәлімделген мәліметтерге" деген сөздермен, "өзгеретін және (немесе толықтырылатын" деген сөздер "өзгеретін (толықтырылатын)" деген сөздермен, "өзгермесе және (немесе) толықтырылмаса" деген сөздер "өзгермесе (толықтырылмаса)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші абзацындағы "кедендік баждарды, салықтарды" деген сөздер "кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын" деген сөздермен ауыстырылсын.