Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Тегістеп қашайтын қалыптың көмегімен гофрокартон табақтарынан картон қораптар дайындауға арналған, мынадай операцияларды: престеуді, кесуді, тегістеуді (табақты кейіннен сапалы бүгу үшін жаншуды), тесуді қамтамасыз ететін автоматты түрде тегістеп қашау пресі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8441 30 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |