Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 20 өкімі.

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 31 өкімімен бекітілген Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:


      Беларусь Республикасынан

Батура
Александр Николаевич

– Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Экономикалық интеграция бас басқармасының нарықтар интеграциясы бөлімі бастығының орынбасары
 

      Қазақстан Республикасынан

Абдуалиева
Меруерт Құлмұратқызы

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары
 

      Қырғыз Республикасынан

Тургамбаев
Рысбек Сабырович

– Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының кеден ісінің перспективалық бағдарламалары бөлімінің бастығы


      б) Консультативтік комитеттің мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:


Мовсисян
Лилит Самвеловна
 

– Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің Әкімшілік жүргізу әдіснамасы, рәсімдер және қызмет көрсету басқармасы Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасын әдіснамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
 

Погосян
Арман Вачаганович

– Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің Әкімшілік жүргізу әдіснамасы, рәсімдер және қызмет көрсету басқармасының бастығы

Сагоян
Геворг Анатольевич

– Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау басқармасының бастығы
 

Орловский
Владимир Николаевич

– Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті төрағасының бірінші орынбасары
 

Бейсенов
Марат Жұмажанұлы
 

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры
 

Рахимов
Қуат Жеңісұлы
 

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Кедендік әдіснама департаментінің директоры
 

Сәдуақасов
Нұрқан Олжабайұлы
 

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары
 
 

Бейшеналиев
Руслан Куштарбекович

– Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Кедендік ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары
 

Бышовец
Валерий Анатольевич

 
– Федералдық кеден қызметінің Талдау басқармасы бастығының бірінші орынбасары
 

Голендеева
Татьяна Николаевна

– Федералдық кеден қызметі басшысының орынбасары;
 

      в) Консультативтік комитет құрамынан А.В.Романовский, А.М.Кәрімов, А.М.Нұрпейісов және Б.З.Байсеркеев шығарылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
      Алқасының Төрағасы Т.Саркисян
     






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады