Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясының бірінші кезеңін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 33 өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 105 шешімімен бекітілген Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясын іске асыру мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясының бірінші кезеңін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
  2017 жылғы 24 сәуірдегі № 33 шешімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясының бірінші кезеңін іске асыру бойынша іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Орындаушы

Күтілетін нәтиже

1

2

3

4

1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 ақпандағы № 10 шешіміне (ҚБП) сәйкес ақпараттық қауіпсіздік және бұзушының іс-қимылдары қауіптері моделін әзірлеу бойынша іс-шараларды аяқтау

2017 ж.
маусым

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі –мүше мемлекеттер)

Комиссия Алқасының шешімі

2.      Комиссияның трансшекаралық сенім кеңістігінің жұмыс істеуі және дамуы үшін қажетті ғылыми зерттеулерді жүргізуі туралы ұсыныстар дайындау

2017 ж.
маусым

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссияның Ақпараттық технологиялар департаментінің Комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына іс-шараларды қосу туралы ұсынысы

3.      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 49 шешіміне (ҚБП) сәйкес ақпараттық қауіпсіздік және бұзушының іс-қимылдары қауіптері модельдерін әзірлеу бойынша іс-шараларды аяқтау

2017 ж.
тамыз

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссия Алқасының шешімі

4.      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 50 шешіміне (ҚБП) сәйкес өткізу каналдарында ақпараттық қауіпсіздік және бұзушының іс-әқимылдары қауіптері модельін әзірлеу бойынша іс-шараларды аяқтау

2017 ж.
қыркүйек

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссия Алқасының шешімі

5.      Трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды әзірлеу бойынша іс-шараларды аяқтау

2017 ж.
қараша

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссияның Ақпараттық технологиялар департаментінің есебі

6.      Үшінші тарапқа сенім білдірген куәландыру орталығы қызметінің жұмыс істеу тәртібін әзірлеу

2017 ж. желтоқсан

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссия Алқасының шешімі

7.      Комиссияның куәландыру орталығының жұмыс істеу тәртібін әзірлеу

2017 ж.
желтоқсан

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссия Алқасының шешімі

8.      Үшінші тарапқа сенім білдірген қызметтің жұмыс істеу тәртібін әзірлеу

2017 ж.
желтоқсан

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссия Алқасының шешімі

9.      Мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының бір-бірімен және Комиссиямен трансшекаралық өзара іс-қимылы кезінде электрондық құжаттар алмасуы кезінде қақтығысты жағдайларды шешу тәртібін әзірлеу

2017 ж.
желтоқсан

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссия Алқасының шешімі

10.      Еуразиялық экономикалық одақтың заңды тұлғаларының (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) мүше мемлекетердің мемлекеттік органдарымен (B2G) трансшекаралық өзара іс-қимылы кезінде үшінші тарапқа сенім білдірген қызметті пайдалану тәртібін әзірлеу

2017 ж.
желтоқсан

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссия Алқасының шешімі

11.      Халықаралық ұйымдармен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен өзара іс-қимыл мақсатында трансшекаралық сенім кеңістігін кеңейту бойынша іс-шараларды дайындау

2017 ж.
желтоқсан

Комиссия,
мүше мемлекеттер

Комиссияның Ақпараттық технологиялар департаментінің Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясының екінші кезеңін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау мәселелері жөніндегі ұсыныстары


      Ескерту. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру шеңберінде трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту бойынша іс-шаралар Комиссия Кеңесі бекітетін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту бойынша 2017 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады