Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өніміне және тамақ өнеркәсібі өніміне Еуразиялық экономикалық комиссияның баға мониторингін және бәсекеге қабілеттілігін талдауды жүзеге асыруы әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 67 өкімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 95-баптарына сәйкес:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өніміне және тамақ өнеркәсібі өніміне Еуразиялық экономикалық комиссияның баға мониторингін және бәсекеге қабілеттілігін талдауды жүзеге асыруы әдістемесі бекітілсін. 

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 10 маусымдағы
№ 67 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өніміне және тамақ өнеркәсібі өніміне Еуразиялық экономикалық комиссияның баға мониторингін және бәсекеге қабілеттілігін талдауды жүзеге асыруы ӘДІСТЕМЕСІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Әдістеме Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ аграрлық нарықты дамыту мақсатында өнім бағаларының деңгейлері және олардың динамикасы туралы ақпаратқа талдау жүргізу, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау (бұдан әрі – талдау) арқылы Еуразиялық экономикалық комиссиясы Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өніміне және тамақ өнеркәсібі өніміне баға мониторингін және бәсекеге қабілеттілігін талдауды жүзеге асыруы мақсатында әзірленді.

      Талдау ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің дәндеріне қатысты жүргізілмейді.

      2. Талдау жүргізу кезінде мынадай ақпараттар пайдаланылады:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпараты;

      б) мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараты;

      в) UN Comtrade тауарларының саудасы туралы статистикалық деректер.

      3. Мүше мемлекеттердің ішкі және сыртқы нарықтарындағы өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері халықаралық стандарттарда көзделген мынадай қағидаттарды сақтау кезінде кешенді, жүйелі тәсілдеме негізінде анықталады:

      а) сенімділік және объективтілік;

      б) талданатын өнімге қатысты бөлігінде номенклатуралардың біркелкілігі;

      в) мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын АҚШ долларымен қайта есептеуді жүзеге асыру есебінен өнімнің бағаларын салыстыру;

      г) есептеулерді жүргізу мерзімділігі.

      4. Өнімнің баға мониторингін жүргізу және бәсекеге қабілеттілігін талдау мақсатында мынадай зерттеу әдістері қолданылады:

      а) монографиялық әдіс;

      б) топтау әдісі;

      в) салыстырмалы талдау әдісі;

      г) іріктеу әдісі;

      д) сараптамалық бағалау әдісі;

      е) абстрактілі-логикалық әдіс;

      ж) экономикалық-статистикалық әдіс;

      з) есептік-конструктивтік әдіс.

      5. Өндірушілердің бағасы мен тұтынушылық бағалар әрбір мүше мемлекетте ұлттық валютада есептелетінін ескере отырып, деректерді салыстыруды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жариялайтын валюта курсы бойынша АҚШ долларына қайта есептеу жүзеге асырылады.

      Ақпарат талданатын кезеңдер – ай және жыл.

      6. Өнімнің баға мониторингі және бәсекеге қабілеттілігін талдау шеңберінде алынған ақпарат № 1 қосымшаға сәйкес нысандар бойынша жиынтық кестелерге енгізіледі.

II. Баға мониторингін жүзеге асыру бірізділігі

      7. Баға мониторингі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 15 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін, Еуразиялық экономикалық комиссия соған қатысты баға мониторингін және бәсекеге қабілеттілігін талдауды жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнеркәсібі өнімінің номенклатурасында көзделген өнімге қатысты жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттердің сыртқы және өзара саудадағы өнім бағасының мониторингін жүзеге асыру кезінде өнім атауларының Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасымен салыстырмалылығы мақсатында № 2 қосымшаға сәйкес ақпарат пайдаланылады.

      8. Өнімге өндірушілердің орташа бағасы мен тұтынушылардың орташа бағаларына мониторингті жүзеге асыру процесінде ақпарат жиынтық кестеде көрсетіледі (осы Әдістемеге № 1 қосымшаның 1-кестесі).

      9. Өнімнің сыртқы және өзара саудадағы бағаларына мониторингті жүзеге асыру мақсатында орташа өлшемді бағаларды есептеу жүзеге асырылады.

      Сараптамалық бағалар FOB талаптарында есептеледі.

      Импорттық бағалар CIF талаптарында есептеледі.

      10. Өзара саудада сараптамалық бағалар мынадай формула бойынша есептеледі:

      PEEUi =QEEUiVEEUi ,

      мұндағы:

      PEEUi  – өнімнің i-ші түрінің өзара саудадағы сараптамалық бағасы (тоннасы үшін АҚШ долларымен);

      QEEUi – өнімнің i-ші түрінің барлық мүше мемлекеттердегі құны өрнегіндегі экспорты (АҚШ долларымен);

      VEEUi – өнімнің i-ші түрінің барлық мүше мемлекеттердегі натуралдық өрнектегі экспорты (тоннамен).

      Өнімнің өзара саудадағы бағаларына мониторингті жүзеге асыру процесінде ақпарат жиынтық кестеде көрсетіледі (осы Әдістемеге № 1 қосымшаның 2-кестесі).

      11. Мүше мемлекеттердің сыртқы саудасында экспорттық және импорттық бағалар мынадай формула бойынша есептеледі:

      Pwi=QwiVwi ,

      мұндағы:

      Pwi – өнімнің i-ші түрінің сыртқы саудадағы тиісінше экспорттық немесе импорттық бағасы (тоннасына АҚШ долларымен);

      Qwi – өнімнің i-ші түрінің үшінші елдердегі құны өрнегіндегі тиісінше экспорты немесе импорты (АҚШ долларымен);

      Vwi – өнімнің i-ші түрінің үшінші елдердегі натуралдық өрнектегі экспорты немесе импорты (тоннамен).

      Өнімнің сыртқы саудадағы бағасына мониторингті жүзеге асыру процесінде ақпарат жиынтық кестеде көрсетіледі (осы Әдістемеге № 1 қосымшаның 3-кестесі).

III. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау бірізділігі

      12. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне талдау жүргізу үшін мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараты негізінде мүше мемлекеттердегі өндірушілердің ұлттық валюталардағы орташа жылдық бағасына талдау жүргізіледі. Көрсетілген ақпарат болмаған жағдайда орташа жылдық бағаларды өнімнің түрлері бойынша орташа айлық бағаларының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеуге рұқсат етіледі.

      Жүргізілген есептеулердің негізінде өнімді өндірушілердің орташа жылдық бағалары туралы ақпарат жиынтық кестеде көрсетіледі (осы Әдістемеге № 1 қосымшаның 4-кестесі). Осылайша өнім өндірушілердің неғұрлым төмен бағасы бар, яғни неғұрлым бәсекеге қабілетті бағасы бар мүше мемлекет анықталады.

      Мүше мемлекеттердегі өндірушілердің орташа бағаларын салыстыру өндіру деңгейіндегі өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

      13. Мүше мемлекеттердегі өнімді өндіру көлемін талдау мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараты негізінде жүргізіледі.

      Меншікті өндіріс көлеміндегі экспорттың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Dэкс i=Э iV i х 100,

      мұндағы:

      Dэкс i – өндірістегі экспорттың үлес салмағы (пайызбен);

      V i – өнімнің i-ші түрін өндіру көлемі (мың тонна);

      Э i – өнімнің i-ші түрі экспортының көлемі (мың тонна).

      Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша өнімді өндіру көлемі және оның әрбір мүше мемлекет және өнім түрі бойынша экспортының көлемі туралы ақпарат жиынтық кестеде көрсетіледі (осы Әдістемеге № 1 қосымшаның 5-кестесі).

      14. Өнім өндірушілердің орташа жылдық бағаларын осы өнімнің сыртқы нарықтағы импорттық бағаларымен арақатынасын талдау әрбір мүше мемлекет бойынша жүргізіледі.

      Өнім өндірушілердің орташа жылдық бағалары мен осы өнімнің сыртқы нарықтағы импорттық бағаларының арақатынасын осындай өнімнің импорттық аналогтарымен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын коэффициент ұсынады. Осы арақатынасты анықтау кезінде импорттық баға кедендік әкелу баждары мен ҚҚС мөлшеріне көбейеді.

      Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

      Кксij=ӨОБИБ + КБ + ҚҚС ,

      мұндағы:

      Кксij – j-ші мүше мемлекеттің өнімнің i-ші түрінің бәсекеге қабілеттілігі коэффициенті;

      ӨОБ – j-ші мүше мемлекеттің өнімнің i-ші түрінің өндірушілердің орташа бағасы (тоннасына АҚШ долларымен);

      ИБ – импортталатын өнімнің i-ші түрінің j-ші мемлекеттің шекарасындағы CIP жеткізу талаптарындағы бағасы (тоннасына АҚШ долларымен);

      КБ – j-ші мемлекетке импортталатын өнімнің i-ші түріне кедендік әкелу баждары (тоннасына АҚШ долларымен);

      ҚҚС – j-ші мемлекетке импортталатын өнімнің i-ші түріне қосымша құн салығы (тоннасына АҚШ долларымен).

      Өнім егер оның бәсекелестікке қабілеттілік коэффициенті 1-ден төмен болған жағдайда бәсекеге қабілетті деп саналады. Бәсекелестіке қабілеттілік коэффициенті неғұрлым төмен болса, өнім соғұрлым бәсекеге қабілетті болып саналады.

      Өнімге кедендік әкелу баждарының мөлшері Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес белгіленеді.

      Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілік коэффициентінің мәндері туралы ақпарат әрбір мүше мемлекет және өнімнің түрі бойынша жиынтық кестеде көрсетіледі (осы Әдістемеге № 1 қосымшаның 6-кестесі).

IV. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштерін анықтау

      15. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің кешендік көрсеткіші j-ші мемлекет үшін өнімнің әрбір i-ші түрі бойынша мынадай көрсеткіштерді біріктіру негізінде белгіленуі мүмкін:

      қндірушілердің орташа бағасы (Сij);

      экспорттық баға (Cэij);

      j-ші мемлекеттің өнімнің i-ші түрін өндіру көлемі (Vij);

      өнімнің i-ші түрінің j-ші мемлекеттің жан басына шаққандағы өндірісі (Пij);

      j-ші мемлекеттің өнімнің i-ші түрінің натуралдық өрнектегі экспортының (соның ішінде басқа мүше мемлекеттерге) үлесі (Dij);

      j-ші мемлекеттің өнімнің i-ші түрінің бәсекеге қабілеттілік коэффициенті (Kij).

      Өнімнің жекелеген түрлерінің жан басына шаққандағы өндірісі мүше мемлекеттердің мемлекеттік статистика органдарының (қызметтерінің) деректері негізінде мына формула бойынша есептеледі:

      Пij=V iH j ,

      мұндағы:

      Пij – өнімнің i-ші түрінің жан басына шаққандағы өндірісі
(килограммда);

      Vi – өнімнің i-ші түрін өндіру (тоннамен);

      Hj – халықтың орташа жылдық саны (мың адам).

      Одан әрі есептеуді жүргізу үшін көрсетілген әрбір көрсеткіш барлық мүше мемлекеттер бойынша алынған ең жоғары мәнге бөлінеді:

      cij =Cijmax {Cij} ,cijЭ=СijЭmax{СijЭ} ,vij=Vijmax {Vij} ,пij=Пijmax {Пij} ,dij=Dijmax {Dij} ,

      kij=Kijmax {Kij} .

      Әрбір j-г-ші мүше мемлекет үшін өнімнің i-ші түрінің бәсекеге қабілеттігінің кешенді көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

      Lij =1 – cij + CijЭ+ 1-vij+ 1-пij+1-dij+ kij6 ,

      Өнімнің осы түрінің экспорты болмаған жағдайда осы көрсеткіш нөлге тең деп қолданылады.

      Мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін салыстыру мақсатында мүше мемлекеттердің i-ші өнім бойынша бәсекеле қабілеттілігінің кешенді көрсеткіштері мынадай формула бойынша пайызбен есептеледі:

      lij=Lijmax {Lij} * 100,

      мұндағы:

      lij – j-ші мүше мемлекеттің өнімнің i-ші түрінің бәсекеге қабілеттілігінің кешенді көрсеткіші.

      Мүше мемлекет өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің кешенді көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, осы мүше мемлекеттер экспортталатын осы өнім соғұрлым бәсекеге қабілетті болып табылады.

      16. Сыртқы нарықтардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері мынадай тәсілдермен анықталады:

      а) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін экспорттың көлемі негізінде бағалау мынадай формула бойынша есептелген анықталған салыстырмалы басымдық коэффициентін (Баласса индексін) пайдаланып жүргізіледі:

      RCA = (XijXjt)/(XniXnt),


      мұндағы:

      RCA – анықталған салыстырмалы басымдық коэффициенті;

      Хij – j-ші мүше мемлекеттің өнімнің i-ші түрі экспортының көлемі;

      Хni – өнімнің i-ші түрінің әлемдік экспортының көлемі;

      Xjt – j-ші мүше мемлекетте өндірілген өнімнің барлық түрлерінің экспортының көлемі;

      Xnt – өнімнің барлық түрлерінің әлемдік экспортының көлемі.

      Есептеу құндық өрнекте жүргізіледі (АҚШ долларымен).

      Анықталған салыстырмалы басымдық коэффициенті j-ші мүше мемлекеттен өнімнің i-ші түрінің экспортының құндық көлемінің осы мүше мемлекеттің экспортының жалпы құндық көлеміне қатынасын және өнімнің i-ші түрінің әлемдік құндық көлемінің өнімнің барлық түрлері экспортының әлемдік құндық көлеміне қатынасын өлшейді.

      Өнімнің i-ші түрін өндіруде бәсекелестік басымдылығы егер анықталған салыстырмалы басымдық коэффициенті 1-ден артық болған жағдайда дәлелденді деп есептеледі;

      б) өнімнің экспорты және импортының құндық көлемі негізіндегі бәсекеге қабілеттілігін бағалау мынадай формула бойынша есептелген анықталған салыстырмалы басымдық коэффициентін (Лафей индексін) пайдалана отырып жүргізіледі:

      LFI =100*(Xij - MijXij+ Mij- j=1NXij- Mijj=1NXij+ Mij)*Xij+ Mijj=1NXij+ Mij ,

      мұндағы:

      LFI – анықталған салыстырмалы басымдық коэффициенті;

      Хij – j-ші мүше мемлекеттің өнімнің i-ші түрі экспортының көлемі;

      Mij – j-ші мүше мемлекеттің өнімнің i-ші түрі импортының көлемі;

      N – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің 1-ден 24-ке дейінгі тобының өнімдері түрлерінің саны.

      Есептеу құндық өрнекте жүргізіледі (АҚШ долларымен).

      Формула өнімнің i-ші түрінің таза экспортының оның белгілі бір жылдағы сыртқы сауда айналымына қатынасы мен өнімнің i-ші түрінің жиынтық таза экспортының сыртқы сауда айналымына қатынасы арасындағы айырмаға, сондай-ақ өнімнің соңғы і-ші түрі бойынша мүше мемлекеттің жиынтық сыртқы сауда айналымындағы үлесіне 100 нормаланған көбейтіндісін ұсынады.

      Лафей индексінің оң мәндері бәсекелестік басымдықтарының бар екенін көрсетеді. Осы индекстің мәні неғұрлым жоғары болса, j-ші мүше мемлекеттің өнімнің i-ші түрінің бәсекеге қабілеттілік деңгейі соғұрлым жоғары. Осы индекстің теріс мәндері өнімнің i-ші түрінің бәсекеге қабілетсіз екендігі туралы куәландырады. Осы индекстің басқа маңызды сипаттамасы минималды және максималды мәндер бойынша шектеулер болып табылады –минус 50-ден (төмен бәсекеге қабілеттілік) плюс 50-ге дейін (жоғары бәсекеге қабілеттілік).







  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерде
өндірілетін ауыл шаруашылығы
өніміне және тамақ өнеркәсібі
өніміне Еуразиялық
экономикалық комиссияның
баға мониторингін және
бәсекеге қабілеттілігін талдауды
жүзеге асыруы әдістемесіне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімінің және тамақ өнеркәсібі өнімінің баға мониторингі және бәсекеге қабілеттілігін талдау шеңберінде алынған ақпарат енгізілетін жиынтық кестелердің НЫСАНДАРЫ

      1-кесте

Кезең

АҚШ долларының орташа номиналды курсы
(мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен)

Өндірушілердің орташа бағасы
(мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен)

Орташа тұтынушылық бағасы (мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен)

Өндірушілердің орташа бағасы
(АҚШ доллары)

Орташа тұтынушылық баға (АҚШ доллары)

 
Мүше мемлекет
 

Өнімнің түрі

Жыл






қаңтар
ақпан
наурыз
...






 
Жыл






...






Мүше мемлекет
 

Өнімнің түрі

Жыл






...






Мүше мемлекет
 

Өнімнің түрі

Жыл






...














      2-кесте

Кезең

Өнімнің i-ші түрінің барлық мүше мемлекеттердегі құндық өрнектегі экспорты (АҚШ доллары)

Өнімнің i-ші түрінің барлық мүше мемлекеттердегі натуралдық өрнектегі экспорты (т)

Өнімнің i-ші түрінің өзара саудадағы экспорттыұ бағасы
(АҚШ доллары/т)

 
Мүше мемлекет
 

Өнімнің түрі

Жыл




қаңтар
ақпан
наурыз




Жыл




...




Мүше мемлекет
 

Өнімнің түрі

Жыл




...







      3-кесте

Кезең

Өнімнің i-ші түрінің үшінші елдердег құны өрнегіндегі экспорты
(АҚШ доллары)

Өнімнің i-ші түрінің үшінші елдердегі натуралдық өрнектегі экспорты (т)

Өнімнің і-ші түрінің сыртқы саудадағы экспорттық бағасы
(АҚШ доллары /т)

Өнімнің i-ші түрінің үшінші елдердег құны өрнегіндегі импорты
(АҚШ доллары)

Өнімнің i-ші түрінің үшінші елдердегі натуралдық өрнектегі импорты (т)

Өнімнің і-ші түрінің сыртқы саудадағы импорттық бағасы
(АҚШ доллары /т)

 
Мүше мемлекет
 

Өнімнің түрі

Жыл







қаңтар
ақпан
наурыз







Жыл
 













Мүше мемлекет
 

Өнімнің түрі

Жыл
 







...











      4-кесте

Өнімнің атауы

Өндірушілердің орташа жылдық бағасы (АҚШ доллары/т)

 
Мүше мемлекет

1.
 


...


Мүше мемлекет

1.
 


...




      5-кесте

Өнімнің атауы

Өнімнің i-ші түрін өндіру көлемі (мың т)

Өнімнің i-ші түрі экспортының көлемі (мың т)

Өндірістегі экспорттың үлес салмағы (%)

 
Мүше мемлекет

1.
 




...




Мүше мемлекет

1.
 




...







      6-кесте

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Өнімнің атауы

j-ші мүше мемлекеттің өнімнің i-ші түрінің өндірушілердің орташа бағасы
(АҚШ доллары/т)

Импортталатын өнімнің i-ші түрінің j-ші мемлекеттің шекарасындағы бағасы
(АҚШ доллары/т)

j-ші мемлекетке импортталатын өнімнің i-ші түріне кедендік әкелу баждары
(АҚШ доллары/т)

ҚҚС
(АҚШ доллары/т)

Импортталатын өнімнің i-ші түрінің j-ші мемлекеттің шекарасындағы кедендік баждар мен ҚҚС есептелген бағасы
(АҚШ доллары/т)

j-ші мүше мемлекеттің өнімнің i-ші түрінің бәсекеге қабілеттілігі коэффициенті

 
Мүше мемлекет

1.
 








...

Мүше мемлекет

1.
 








...
 















  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерде
өндірілетін ауыл шаруашылығы
өніміне және тамақ өнеркәсібі
өніміне Еуразиялық
экономикалық комиссияның
баға мониторингін және
бәсекеге қабілеттілігін талдауды
жүзеге асыруы әдістемесіне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін, Еуразиялық экономикалық комиссия соған қатысты баға мониторингін және бәсекеге қабілеттілігін талдауды жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнеркәсібі өнімінің номенклатурасында көзделген өнім атаулары мен ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының АРАҚАТЫНАСЫ

 
Өнімнің Номенклатураға сәйкес атауы
 

ЕАЭО СЭҚ ТН коды



I. Өзіне қатысты орташа босату бағаларының мониторингі және бәсекеге қабілеттілігін талдау жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімі
 
 

Бидай
 

1001

Қара бидай
 

1002

Арпа
 

1003

Сұлы
 

1004

Астыққа арналған жүгері

1005 90 000 0
 

Бұршақ дәнді дақылдар

0708
0713
 

Күнбағыс дәндері

1206 00
 

Қант қызылшасы

1212 91

Картоп
 

0701

Қырыққабат

0704
 

Басты пияз

0703 10
 

Асхана сәбізі

0706 10 000 1
 

Асхана қызылшасы

0706 90 900 1
 

Бақша дақылдары
 

0807

Шекілдеуікті дақылдардың жемістері
 

0808

Дәнекті дақылдардың жемістері
 

0809

Жидекті дақылдардың жемістері

0810
0811
 

Жүзім
 

0806

Ірі қара мал

0102
 

Шошқа

0103
 

Қой мен ешкі

0104
 

Құс

0105
 

Сүт

0401
 

Жұмыртқа

0407 21 000 0
 

Тоған балығы
 
 

0301 99

II. Өзіне қатысты орташа босату бағаларының мониторингі және бәсекеге қабілеттілігін талдау жүзеге асырылатын тамақ өнеркәсібі өнімі
 

Сиыр еті

0201
0202
 

Шошқа еті

0203
 

Қой еті

0204
 

Құс еті

0207
 

Жаңа сауылған сүт

0401
 

Сары мау

0405
 
 

Ірімшік

0406 10
0406 20 000 0
0406 30
0406 40
0406 90
 

Күнбағыс майы

1512
 

Құмшекер

1701 99
 

Жоғары сұрыпты бидай ұны
 

1101 00

Макарон өнімдері

1902
 

Қауызданған күріш

1006 30
 

Тоңазытылған балық

0303
 

Зығыр талшығы

5301
 
 

III. Өзіне қатысты орташа босату бағаларының мониторингі және бәсекеге қабілеттілігін талдау жүзеге асырылатын азық-түлік тауарлары
 

Сиыр еті (сүйексіз еттен басқа)

0201
0202
 

Шошқа еті (сүйексіз еттен басқа)

0203
 

Қой еті (сүйексіз еттен басқа)

0204
 

Құс еті (сүйексіз еттен басқа)

0207
 

Сүт

0401
 

Сары май

0405
 

Ірімшік

0406 10
0406 20 000 0
0406 30
0406 40
0406 90
 

Тауық жұмыртқасы

0407 21 000 0
 

Күнбағыс майы

1512
 

Құмшекер

1701 99

Бидай ұны

1101 00
 

Макарон өнімдері

1902
 

Күріш

1006
 

Картоп

0701
 

Жаңа піскен ақбас қырыққабаты

0704
 

Басты пияз

0703 10
 

Сәбіз

0706 10 000 1
 

Асхана қызылшасы

0706 90 900 1
 

Алма

0808 10
 

Балық

0301 99



      Ескерту. Осы тізбеде Номенклатура деп Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 15 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін, Еуразиялық экономикалық комиссия соған қатысты баға мониторингін және бәсекеге қабілеттілігін талдауды жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнеркәсібі өнімінің номенклатурасы түсіндіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады