Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құру мақсатындағы уақытша келісім жобасын техникалық түзету туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2017 жылғы 13 шілдедегі № 23 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құру мақсатындағы уақытша келісім жобасын техникалық түзету бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2017 жылғы 20 шілдеге дейін келіп түскен ұсыныстарды жинақтап шоғырландырсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Өкім күшіне енген күннен бастап 2 апталық мерзімде келіп түскен ұсыныстарды Иран тарапымен келіссін және осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген уақытша келісім жобасының мәтінін орыс тіліне аударудың өзектілігін арттырсын.

      3.Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Габриелян

В. Матюшевский

А.Мамин

О. Панкратов

И. Шувалов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады