Корея Республикасымен ынтымақтастыққа байланысты мәселелер туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 25 Өкімі

      1. Бірлескен зерттеу тобының Корея Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөніндегі жұмысының және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 20 өкіміне сәйкес өткізілген консультациялардың қорытындылары бойынша Корея Республикасымен қазіргі бар сауда режимін өзгерту туралы шешім қабылданғанға дейін Корея тарапымен сауда-экономикалық мәселелер бойынша ынтымақтастықты Еуразиялық экономикалық комиссия 2015 жылғы 27 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес жүзеге асырады деп айқындалсын.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.     


      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Габриелян

В. Матюшевский

А.Мамин

О. Панкратов

И. Шувалов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады