Израиль Мемлекетімен қызметтер көрсету саудасы және инвестициялар мәселелері бойынша консультациялар туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 26 Өкімі

      1.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен:

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 29 шешіміне сәйкес және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 38-бабының ережелерін ескере отырып өткізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Израиль Мемлекетімен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздері шеңберінде Израиль Мемлекетімен қызметтер көрсету саудасы мен инвестицияларды жүзеге асыруға арналған преференциялы талаптарға ауысу туралы бірлескен консультациялар өткізу;

      өткізілген консультациялардың қорытындылары бойынша қызметтер көрсету саудасы мен инвестицияларды жүзеге асыруға арналған преференциялы талаптарға ауысуға қатысты өзара мүдделілік айқындалған жағдайда мүмкін болатын уағдаластықтарды беркіту форматына қатысты ұсыныстар әзірлеу;

      жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне баяндау сұралсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген консультацияларды өткізуді ұйымдастыру жағынан қолдауды және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауы үшін тиісті баяндама әзірлеуді қамтамасыз етсін.

      3.Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.           


      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Габриелян

В. Матюшевский

А.Мамин

О. Панкратов

И. Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады