2018-2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 3 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсанындағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері туралы" шешімінің 3-тармағына сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған 2018-2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспары (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия іс-шаралар жоспарын уақытылы орындауды қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іс-шаралар жоспарын орындау мониторингін жүргізуді қамтамасыз етсін және оның нәтижелері туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңесті 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында хабардар етсін.


Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
 

Беларусь
Республикасынан
 
 

Қазақстан
Республикасынан
 
 

Қырғыз
Республикасынан
 
 

Ресей
Федерациясынан
 
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады