Еуразиялық экономикалық одақтағы (бұдан әрі - Одақ) интеграциялық әлеуеті бар экономиканың салалары және оны пайдалануға бағытталған шаралар туралы баяндаманы (бұдан әрі - баяндама) назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияға және Одаққа мүше мемлекеттерге өзара іс-қимыл жасау шеңберінде баяндаманың ережелерін ескеру ұсынылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Одақтағы интеграциялық әлеуеті бар экономиканың салаларына талдау жасау және аталған әлеуетті пайдалануға бағытталған, Одаққа мүше мемлекеттер іске асыратын шараларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
3. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |