"Антиконтрафакт" халықаралық форумы туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 3 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 89 және 91-баптарын, 2015 жылғы 8 қыркүйектегі Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шартты тиімді іске асыру, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар мен қызметтер көрсетудің еркін қозғалысын қамтамасыз ету, сондай-ақ аталған бағытта халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында:

      1. Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) жыл сайын ротациялық негізде "Антиконтрафакт" халықаралық форумын өткізу туралы ұсынысымен келісілсін.

      2. "Антиконтрафакт" халықаралық форумын ұйымдастыруды және өткізуді өкілі Еуразиялық үкіметаралық кеңесте төрағалық ететін мүше мемлекет жүзеге асырады деп белгіленсін.

            3. Мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия "Антиконтрафакт" халықаралық форумын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетсін.

            4. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп "Антиконтрафакт" халықаралық форумы туралы ереженің жобасын әзірлесін және оны Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына енгізсін.

      5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады