1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар ("жол картасы") жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссия жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) К.А.Минасян жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру мониторингін қамтамасыз етсін.
4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |