2020 жыл раундында халықтың ұлттық санақтарын жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің санақ парақтарына еңбек қызметі және көші-қон жөніндегі мәселелердің моделдік блогын енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 3 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 34 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың 2016-2020 жылдарға арналған статистика саласында интеграцияны дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 58-тармағын орындау және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде 2020 жыл раундында халықтың ұлттық санақтарын жүргізу кезінде халықтың негізгі еңбек қызметін және көші-қонын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсаттарында

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында осы Ұсыным жарияланған күннен бастап, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге http;//www.eurasiancommission.org/ru/act/integr_i_makroec/der_stat/metadata/ metadata/Pages/recommendations,aspx/.-мекен-жайы бойынша мәтіндері Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналасқан, 2020 жыл раундында халықтың ұлттық санақтарын жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің санақ парақтарына еңбек қызметі және көші-қон жөніндегі мәселелердің моделдік блогын енгізу жөніндегі ұсынымдарды басшылыққа алуды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады