Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 4 қосымша) 12-тармағына сәйкес,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап осы статистиканы қалыптастыру кезінде мынадай дереккөздерін:
негізгі дереккөздері:
тауарларға арналған декларацияларды және мүше мемлекеттердің кеден органдары (бұдан әрі – кеден құжаттары) ұсынатын басқа да құжаттарды;
сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өзара сауда кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсынатын құжаттарды (бұдан әрі – өзара сауда бойынша құжаттар);
қосалқы дереккөздері (мүше мемлекеттер үшін оларда қамтылған тауарлардың сыртқы және өзара саудасы көлемдері туралы мәліметтердің экономикалық маңызы болған кезде):
кедендік құжаттарда және өзара сауда бойынша құжаттарда қамтылмайтын тауарлардың сыртқы және өзара саудасын мемлекеттік статистикалық бақылауды;
жеке тұлғаларды олардың алып-сатарлықты және (немесе) шекара маңында тауар саудасын жүзеге асыруы мәніне мемлекеттік статистикалық тексеруді;
Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі және олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 18 қосымша) сәйкес мүше мемлекеттердің салық органдарына ұсынылатын тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтінішті;
теңіз, өзен, әуе кемелерінің, өзге көлік құралдарының мемлекеттік тізілімдерін, көлік құралдарының паспорттарын;
көлік құралдарына қатысты кәдеге жарату алымын төлеу туралы деректерді;
мүше мемлекеттердің пошта қызметтерінің ақпараттық ресурстарын;
басқа мүше мемлекеттердің өзара сауда туралы ресми статистикалық ақпаратын
пайдалану арқылы тауарлардың өзара және сыртқы статистикасы деректерін жинаудың кешенді тәсілдемесін іске асыру бөлігінде "Халықаралық тауарлар саудасының статистикасы: тұжырымдамалар және анықтамалар, 2010 жыл" халықаралық стандартын қолдануды қамтамасыз етуді ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |