Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өніміне және азық-түлікке қатысты келісілген экспорттық саясатына тәсілдемелер қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 25 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 94 шешімімен бекітілген Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясаты тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 7-тармағының 10-тармақшасы негізінде,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ауыл шаруашылығы өінімі мен азық-түлік экспортының әлеуетін ескере отырып,

      үшінші елдерге өткізу және маркетингтік саясатты үйлестіру, ауыл шаруашылығы өімдері мен азық-түліктің жекелеген түрлерінің экспортын дамытуға және әртараптандыруға бағытталған экспорттық ағымдарды оңтайландыру мақсатында,

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап:

      1. Үшінші елдермен еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздер жүргізу кезінде келісілген көзқарасты қалыптастыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланатын үшінші елдердің нарығына ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлікке қолжетімділік талаптарына шолуды ескеруді,

      2. Ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түліктің жекелеген түрлерін эскпорттауды дамыту перспективасын бағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында тоқсан сайын жарияланатын әлемдік аграрлық азық-түлік нарығын талдау нәтижелері мен Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізетін осы нарық конъюнктурасының мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға ықпалын бағалауды ескеруді,

      3. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша осы елдердің импортында мүше мемлекеттердің елеулі үлес салмағы бар үшінші елдердің нарықтарына ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түліктің жекелеген түрлерін экспорттық жеткізуді жүзеге асыру бойынша келісілген іс-қимылдарды орындаудың мақсаттылығын қарауды,

      4. Мынадай іс-шараларды:

      ұлттық деңгейде ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік эспортын дамыту бойынша жоспарлар (бағдаарламалар) қабылдауды;

      ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік эспортын жылжытуға жауапты мамандандырылған ұйымдарды құруды және ынтымақтастығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру арқылы үшінші елдердің нарығында ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түліктерді ілгерілету жүйесін жетілдіруді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады