Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 7-тармағының 4 және 8-тармақшаларына сәйкес,
Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізген аграрлық нарықты мемлекеттік реттеудің және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тиімділігін талдауға және бағалауға сүйене отырып,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) қолданыстағы ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларын, мүше мемлекеттерде аграрлық саясатты қалыптастыратын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мүше мемлекеттердің бюджет қаражатын бөлу бойынша мүмкіндіктерін ескере отырып,
сондай-ақ:
азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
қаржылық орнықтылықты арттыру;
ауылдық аумақтарды орнықты дамыту;
ресурстардың ұдайы өндірісі және пайдалану тиімділігін арттыру;
ауыл шаруашылығы өнімін өткізуді қамтамасыз ету, оның тауарлылығын арттыру;
Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы аграрлық нарығының инфрақұрылымын дамытуды қолдау;
аграрлық нарықты мемлекеттік реттеу және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мониторингін жүзеге асыру мақсатында
мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:
мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған:
агроөнеркәсіптік кешенде инновацияларды ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау деңгейін арттыру;
агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының қаржылық және экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ету, жаңа технологиялар мен шешімдерді әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ осы сектордағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру;
өндірісте инвестицияларды ынталандыру, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын мемлекеттік қолдауды ұсыну мерзімдерін бақылау шараларын енгізу бөлігінде;
ауыл шаруашылығы өнімі нарықтарын дамытуға және ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған:
өнімді тұтынушыға дейін жеткізу жүйесінің тиімділігін арттыру және тұтынушылық бағада ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің үлесін арттыру;
агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының өнімділігін және ауыл шаруашылығына бөлінген жерді пайдалану тиімділігін арттыру;
агроөнеркәсіптік кешен үшін өндіріс құралдарын шығару бойынша кәсіпорындарды, соның ішінде мүше мемлекеттердің бірлескен кәсіпорындарын құруды және дамытуды ынталандыру;
ауыл шаруашылығы жұмысшыларының әлеуметтік жағдайын жақсарту және материалдық қамтамасыз етуді арттыру бөлігінде;
агроөнеркәсіптік нарық инфрақұрылымын қолдауға және дамытуға бағытталған:
ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және тасымалдау бойынша қуаттылықты дамыту;
көлік-қойма шаруашылығын, ақпараттық қамтамасыз етуді, құқықтық және консалтингтік қызметтер көрсетуді, брокерлік және агенттік операцияларды қоса алғанда экспортты қолдау инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру бөлігінде;
зиянкестердің және өсімдіктер ауруларының, сондай-ақ жануарлар ауруларының таралуы себепті шығындану жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тәуекелдерін сақтандыру жүйесін дамытуға бағытталған;
зиянкестердің және өсімдіктер ауруларының, сондай-ақ жануарлар ауруларының таралуының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді, соның ішінде фермерлерді оқытуға бағытталған шараларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесе отырып әзірлеуді ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |