2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 41-тармағының үшінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қырғыз Республикасының ұсынуы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1.Адамкул Орокеевич Жунусовті тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі болып Эмиль Абдыкалыевич Кайкиев тағайындалсын.
2.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 37 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Эмиль Абдыкалыевич Кайкиев енгізіліп, дербес құрамнан Адамкул Орокеевич Жунусов шығарылсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
---|