Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы

Жаңартылған

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 18 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 83 және 104-баптарына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасы;

      Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуына жауапты мемлекеттік билік органдарын айқындасын және осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияға олар туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жоспарға сәйкес әзірленген актілердің жобаларын Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру мониторингін жүзеге асырсын және мониторинг нәтижелері туралы жыл сайын Еуразиялық үкіметаралық кеңесті хабардар етсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2018 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 18 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру БАҒДАРЛАМАСЫ Кіріспе

      1. Осы Бағдарлама 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 79-бабының, Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы хаттаманың (Шартқа № 22 қосымша) (бұдан әрі – Қол жеткізу қағидалары туралы хаттама), сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 7 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының ережелері (бұдан әрі – Тұжырымдама) ескеріле отырып, Шарттың 83-бабының 2-тармағына және 104-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ортақ газ нарығын қалыптастыру Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) энергетика саласындағы интеграциялық ынтымақтастығының аса маңызды басымдықтарының бірі және тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, технологиялардың және капиталдың Одақ шеңберіндегі еркін қозғалысы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудің елеулі құрауыштарының бірі болып табылады.

      3. Осы Бағдарлама:

      1) мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделері (мүше мемлекеттердің ішкі газ нарықтарының жұмыс істеу және даму ерекшеліктерін қоса алғанда) және мүше мемлекеттердің заңнамалары;

      2) Шартта, Қол жеткізу қағидалары туралы хаттаманың 3-тармағында көзделген Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру қағидаттары, оның ішінде мүше мемлекеттердің газға деген ішкі қажеттіліктерін бірінші кезекте қамтамасыз ету қағидаты;

      3) мүше мемлекеттің экономикалық немесе энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, осы мүше мемлекеттің өзінің ішкі газ нарығында қажетті реттеу шараларын қабылдауға құқықтары;

      4) мүше мемлекеттердің арасында қол жеткізілген уағдаластықтар мен халықаралық шарттар;

      5) мүше мемлекеттердің үшінші мемлекеттермен қол жеткізген газ саласындағы уағдаластықтары мен халықаралық шарттары;

      6) ортақ газ нарығын қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді.

І. Жалпы ережелер

1. Анықтамалар

      4. Осы Бағдарламаның мақсаттары үшін төмендегілерді білдіретін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      "газбен биржалық сауда-саттықтар" – газбен биржалық сауда-саттықтарды жүргізу қағидаларына сәйкес тауар биржасында жүзеге асырылатын газбен сауда;

      "газ саласы" – газды өндіруді, қайта өңдеуді, тасымалдауды, сақтауды және сатуды қамтитын экономика саласы;

      "газ тасымалдау жүйелерінің элементтерін жөндеу графигі" – газ тасымалдау жүйелерінің элементтерін жоспарлы-алдын алу жөндеуді орындау графигі (оны жүзеге асыру мерзімдерін (кезеңділігін және ұзақтығын) көрсетумен);

      "газ тасымалдау жүйелеріне қол жетімділік", "газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге қол жетімділік" – газды Одақтың ортақ газ нарығында тасымалдау үшін газ тасымалдау жүйелерінің операторлары басқаратын газ тасымалдау жүйелерін пайдалану құқығының берілуі;

      "газ тасымалдау кезіндегі инфрақұрылымдық шектеу" – газды белгілі бір маршрут бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеу;

      "газ тасымалдау жүйесі жұмысының сенімділігі" – газ тасымалдау жүйесінің өз өнімділігі шегінде нормаланған сападағы газ тасымалдау жөніндегі функцияларды кідіріссіз орындау қабілеті;

      "газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушы" – газдың меншік иесі болып табылатын не оны мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген негіздерде алған және мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларына сәйкес газ тасымалдау жүйесінің операторымен жасасқан газ тасымалдау жөніндегі қызметтерді өтеулі көрсету туралы шарттың негізінде газ тасымалдау жүйелеріне қол жетімділік алған ұйым;

      "газ тасымалдау жүйелерін дамыту" – газ тасымалдау инфрақұрылымы объектілерінің қуатын (өткізу қабілетін) және сенімділігін ұлғайтуға немесе осындай объктілер салуға бағытталған шаралар кешені;

      "нарықтық баға" – Одақтың ортақ газ нарығында сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасқан және Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылардың арасындағы тікелей шарттарда немесе Одақтың ортақ газ нарығында баға реттеуінің болмауы жағдайларында Шарттың ХVІІІ бөлімінің ережелері ескеріле отырып, газбен биржалық сауда-саттықтар жүргізу барысында айқындалатын газ бағасы;

      "ақпараттық алмасу жүйесі" – белгіленген тәртіппен айқындалған ақпарат құрамының негізінде ақпараттық алмасуды және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, Еуразиялық экономикалық комиссияның және Одақтың ортақ газ нарығы субъектілерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін жүйе;

      "газбен сауда" – осы Бағдарламада көзделген Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын газды сатып алу-сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      "уәкілетті органдар" – мүше мемлекеттердің осы Бағдарламаның іс-шараларын орындауға уәкілетті мемлекеттік билік органдары;

      "баға индикаторлары" – Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газбен биржалық сауда-саттықтар барысында және (немесе) газдың биржадан тыс нарығында жасалған баға негізінде белгілі бір кезең үшін есептелген газ бағасы.

      Осы Бағдарламада пайдаланылатын өзге де ұғымдар Шартта және Тұжырымдамада айқындалған мәндерде қолданылады.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

      5. Осы Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері Шарттың 79-бабында көзделген Одақтың энергетикалық ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру қағидаттарының негізінде, сондай-ақ Тұжырымдаманың ережелеріне, Шарттың 83-бабына және Қол жеткізу қағидалары туралы хаттамаға сәйкес айқындалған.

      6. Осы Бағдарламаның мақсаттары:

      1) Одақтың ортақ газ нарығының жұмыс істеуіне арналған құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауды қоса алғанда, Одақтың ортақ газ нарығы субъектілерінің Одақтың ортақ газ нарығына қатысуға дайындығын мүше мемлекеттердің қамтамасыз етуі;

      2) мүше мемлекеттерде 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей күшіне енетін Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартты іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету болып табылады.

      7. Осы Бағдарламада, атап айтқанда, мынадай:

      1) мүше мемлекеттердің заңнамаларын, сондай-ақ Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманы (Шартқа № 19 қосымша) ескере отырып, Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылардың арасында адал бәсекелестікті дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау;

      2) Одақтың ортақ газ нарығында газға қатысты баға белгілеудің нарықтық механизмдеріне көшу;

      3) Одақтың ортақ газ нарығында осы нарыққа Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылардың кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін газбен сауданы ұйымдастыру;

      4) Одақтың ортақ газ нарығында газбен биржалық сауда-саттықтар өткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

      5) мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Одақтың ортақ газ нарығындағы инвестициялық белсенділігін арттыру үшін жағдайлар жасау;

      6) мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидалары (бұдан әрі тиісінше – газ тасымалдау жүйелері, бірыңғай қағидалар) негізінде Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылардың газ тасымалдау жүйелеріне кемсітушіліксіз және ашық қол жетімділігін ұйымдастыру;

      7) Одақтың ортақ газ нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, соның ішінде газ жеткізушілер мен газ тұтынушылардың ұзақ мерзімді өтінімдерінің негізінде қажетті газ тасымалдау жүйелерін ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған механизмдерді енгізу;

      8) газға арналған нормаларды, стандарттарды және газ тасымалдау жүйелерінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды біріздендіру, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ұлттық стандарттау жүйелерінің шеңберінде өлшемдерді метрологиялық қамтамасыз етуді іске асыру жөніндегі және газ мөлшерінің өлшемдеріне және оның сапасының параметрлеріне қойылатын метрологиялық талаптарды үйлестіру жөніндегі әлемдік практикаларды ескере отырып, газдың мөлшері мен оның сапасын бақылау өлшемдерінің дәлдігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      9) газдың ішкі тұтынылуы, газ тасымалдау жүйелерінің бос қуаттары туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтарында газ тасымалдау және жеткізу саласында баға белгілеу туралы мәліметтерді, соның ішінде газға қойылатын көтерме бағалар және газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдауға арналған тарифтер туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат алмасу көзделетін ақпараттық алмасу жүйесін ұйымдастыру;

      10) мүше мемлекеттердің және Одақтың индикативтік (болжамдық) баланстарын жүйелі дайындауды және келісуді ұйымдастыру;

      11) Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру үшін газды мүше мемлекеттердің арасында тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіруді қамтамасыз ету;

      12) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау жөніндегі қызметтерге қатысты тариф белгілеудің (баға белгілеудің) ортақ қағидаттары мен әдістерін қолдану;

      13) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің тарифтер (баға) қолдануын бақылауды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

      14) Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру және оның ың жұмыс істеуі мақсатында мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын жүзеге асыру;

      15) уәкілетті органдардың бір-бірімен және Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) өзара іс-қимылын жүзеге асыру міндеттерін орындау нәтижесінде Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін өзара байланысты ұйымдастыру, технологиялық және басқа да іс-шаралар кешенін қамтиды.

3. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      8. Осы Бағдарламаны іске асыру мынадай нәтижелерге:

      1) газ тасымалдау жүйелеріне және газбен биржалық сауда-саттықтарға қол жеткізуді қоса алғанда, инфрақұрылымдық ұйымдардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы барлық мүше мемлекеттердің Одақтың ортақ газ нарығына қатысушыларының арасында Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауданы жүзеге асыруға (қажет болған жағдайда мүше мемлекет мүше мемлекеттермен келісілген бірыңғай критерийлерге сәйкес келетін газ жеткізушілер мен газды тұтынушыларға Одақтың ортақ газ нарығына газ жеткізуге және (немесе) сатып алуға уәкілеттік береді);

      2) Одақтың ортақ газ нарығында газ жеткізуге шарттар жасасудың әртүрлі механизмдерін (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шарттар, биржалық мәмілелер) қолдануға;

      3) мүше мемлекеттердің екі жақты халықаралық шарттарын іске асыру шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілер жасасуы мүмкін шарттарды қоспағанда, Одақтың ортақ газ нарығына нарықтық баға бойынша газ жеткізуге шарттар жасасуға;

      4) бос қуаттарды айқындау мен бөлу қағидалары белгіленетін және Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылар үшін газ тасымалдау жүйелеріне кемсітушіліксіз қол жеткізу көзделетін бірыңғай қағидаларға сәйкес Одақтың ортақ газ нарығының жұмыс істеуі шеңберінде (оның ішінде Одақ газының индикативтік (болжамдық) балансын ескере отырып) газ жеткізу мақсатында Одақтың ортақ газ нарығына қатысушыларға газ тасымалдау жүйелеріне қол жетімділік беруге;

      5) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылар үшін ашық және кемсітушіліксіз негізде Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтер (баға) белгілеуге (қалыптастыруға);

      6) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің тарифтер (баға) қолдануын бақылауды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың әдістемелік, ұйымдастыру, инфрақұрылымдық, технологиялық және құқықтық негізін жасауға әкеледі.

ІІ. Бағдарламаның іс-шаралар жүйесі

1. Бағдарламаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері

      9. Мүше мемлекеттер Комиссиямен бірлесіп Тұжырымдамаға, Қол жеткізу қағидалары туралы хаттамаға сәйкес және Шарттың 104-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген өтпелі ережелерді ескере отырып, Одақтың ортақ газ нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      10. Тұжырымдаманың ІV бөліміне сәйкес Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру 3 кезеңде жүзеге асырылады.

      11. Бірінші кезең 2021 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей аяқталады. Осы кезеңнің негізгі нәтижесі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың әдістемелік және ұйымдық негіздерін жасау болуға тиіс.

      Бірінші кезеңде, оның ішінде:

      мүше мемлекеттердің арасында мүше мемлекеттердің газ тасымалдау және жеткізу саласындағы заңнамасын үйлестіруді қамтамасыз ету;

      мүше мемлекеттердің газға арналған нормалары мен стандарттарын және Одақтың тиісті техникалық регламенттерін қабылдау жолымен газ тасымалдау жүйелерінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды біріздендіру;

      газдың ішкі тұтынылуы, газ тасымалдау жүйелерінің бос қуаттары туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтарында газ тасымалдау және жеткізу саласында баға белгілеу туралы (оның ішінде газға қойылатын көтерме бағалар және газды газ тасымалдау жүйелері бойынша тасымалдауға арналған тарифтер туралы) мәліметтерді қамтитын ақпараттың негізінде ақпараттық алмасу жүйесін ұйымдастыру;

      Одақ газының индикативтік (болжамдық) балансын қалыптастыруды ұйымдастыру;

      газды Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде жеткізу мақсатында мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау кезіндегі инфрақұрылымдық шектеулерді анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу қажет.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      12. Екінші кезең 2024 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей аяқталады. Осы кезеңнің негізгі нәтижесі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың инфрақұрылымдық, технологиялық және құқықтық негіздерін жасау болуға тиіс.

      Бірінші кезеңде, оның ішінде:

      әртүрлі механизмдерді, оның ішінде газ тасымалдау жүйелерін дамыту үшін газ жеткізушілер мен газды тұтынушылардың ұзақ мерзімді өтінімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

      мүше мемлекеттер өзара бәсекелесетін немесе бәсекелес болуы мүмкін газ жеткізу бағыттары бойынша үшінші мемлекеттерге газ тасымалдау және жеткізу мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің консультацияларын өткізуге ықпал ету;

      газды мүше мемлекеттердің аумақтарына жеткізу мақсатында Одақтың ортақ газ нарығынан сатып алынған газды үшінші мемлекеттерге қайта сатуды болдырмайтын механизмдер әзірлеу;

      үшінші мемлекеттердің аумақтары арқылы өткізілетін газға қатысты Одақтың ортақ газ нарығын реттейтін актілерді қолдануды болдырмайтын механизмдер әзірлеу;

      Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау қажет.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      13. Үшінші кезең 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей аяқталады. Осы кезеңнің негізгі нәтижесі мүше мемлекеттердің газ нарықтары субъектілерінің Одақтың ортақ газ нарығына қатысуға дайындығын мүше мемлекеттердің қамтамасыз етуі, оның ішінде Одақтың ортақ газ нарығының жұмыс істеуі үшін экономикалық жағдайлар жасау болуға тиіс.

      Үшінші кезеңде, оның ішінде:

      Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың күшіне енуін қамтамасыз ету;

      Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылар арасындағы газбен биржалық сауда-саттықтарда немесе тікелей шарттар бойынша сатып алынған газдың талап етілген көлемдер мен бағыттарда еркін жеткізілімдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде нарықтық бағалар бойынша газ саудасын қамтамасыз ету;

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүше мемлекеттердің аумақтарында газдың тең кірісті бағасына өтудің орындылығы туралы шешім қабылдауын қамтамасыз ету қажет.

      Одақтың кедендік аумағында Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газды биржалық сату жүзеге асырылуы мүмкін бір немесе бірнеше тауар биржаларының жұмыс істеуін қамтамсыз ету.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      14. Осы Бағдарлама Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітетін Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асырылады.

      15. Комиссия осы Бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жыл сайын Одақтың ортақ газ нарығының қалыптастырылу барысы туралы баяндама және Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың кезекті кезеңіне өту туралы ұсыныстар, соның ішінде осы Бағдарламада көзделмеген іс-шараларды (Одақ органдарының актілерін әзірлеу мен қабылдауды қоса алғанда) іске асыру туралы ұсыныстар дайындайды. Көрсетілген ұсыныстар келісу үшін мүше мемлекеттерге жіберіледі. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес келісілген ұсыныстарды ескере отырып, Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың кезекті кезеңіне өту туралы шешім қабылдайды және осы кезеңнің мазмұнын айқындайды.

2. Одақтың ортақ газ нарығын реттейтін актілерді әзірлеу

      16. Одақтың ортақ газ нарығының субъектілеріне қатысты Одақтың ортақ газ нарығын реттейтін актілер, сондай-ақ Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілер аумағында қызметін жүзеге асыратын мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері жөніндегі және бәсекелестікті қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі заңнамасының талаптары қолданылады.

Газбен биржалық сауда-саттықтарды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және қабылдау

      Ескерту. Кіші бөлімнің күші жойылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

Ақпараттық алмасу саласындағы құжаттарды әзірлеу

      23. Комиссия уәкілетті органдармен бірлесіп ақпараттық алмасу жүйесінің шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін құжаттарды (бұдан әрі – ақпараттық алмасу саласындағы құжаттар) әзірлейді және келіседі.

      24. Ақпараттық алмасу саласындағы құжаттарды әзірлеу кезінде мүше мемлекеттердің заңнамасымен қолданылуы (қол жеткізілуі) шектелген мәліметтерге жатқызылған ақпаратты қорғау жөніндегі мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын ескеру қажет.

      25. Ақпараттық алмасу саласындағы құжаттарда мынадай:

      1) газ тасымалдау жүйелерінің бос қуаттары туралы (оның ішінде газ тасымалдау кезінде инфрақұрылымдық шектеулерді анықтау үшін);

      2) мүше мемлекеттердің газ саласындағы реттелетін баға белгілеуі туралы, оның ішінде газдың көтерме бағалары және газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдауға арналған тарифтер туралы;

      3) мүше мемлекеттердің газ салысының негізгі өндірістік көрсеткіштері, оның ішінде мүше мемлекеттердің арасындағы газ саудасының көлемі туралы (Одақ газының индикативтік (болжамдық) балансы көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес);

      4) мүше мемлекеттерде газдың ішкі тұтынылуы туралы;

      5) мүше мемлекеттер бірлесіп әзірлеген, Одақ газының индикативтік (болжамдық) балансы ескеріле отырып қалыптастырылған газды ішкі тұтыну және жеткізу болжамдары туралы;

      6) Одақтың ортақ газ нарығының жұмыс істеуіне әсер ететін (оның ішінде газ тасымалдау кезіндегі инфрақұрылымдық шектеулерді жою мақсатында) газ тасымалдау жүйелерінің объектілерін жаңғырту және құрылысын салу жөніндегі жоспарлар туралы;

      7) газ жеткізушілерге және газды тұтынушыларға Одақтың ортақ газ нарығында газ жеткізуге және (немесе) сатып алуға мүше мемлекеттердің уәкілеттік беруі туралы мәліметтерді қоса алғанда, соның ішінде уәкілетті органдар мен Одақтың ортақ газ нарығының субъектілері алмасатын ақпараттың құрамы айқындалады.

      26. Ақпараттық алмасу саласындағы технологиялық құжаттар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (Шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес әзірленеді және оларды Комиссия бекітеді.

Газ тасымалдау жүйелеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету саласындағы актілерді әзірлеу және қабылдау

      27. Мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған газды тасымалдау мақсатында уәкілетті органдар Комиссиямен бірлесіп бірыңғай қағидалар әзірлейді және келіседі.

      Бірыңғай қағидалар Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа енгізілетін болады.

      28. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енгенге дейін мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін газ тасымалдау жүйелеріне қол жетімділік Шартқа және Тұжырымдамаға сәйкес ұсынылады.

      29. Күші жойылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
      30. Күші жойылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      31. Бірыңғай қағидалар Одақтың ортақ газ нарығы шеңберіндегі газ тасымалдау жүйелерінің операторлары мен газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өзара қатынастарын, соның ішінде:

      1) газ тасымалдау жүйелеріне қосылу тәртібін;

      2) газ тасымалдау жүйелеріне қол жетімділік беру тәртібін;

      3) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберіндегі газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерін;

      4) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін газ тасымалдау жүйелері операторларының құқықтары мен міндеттерін;

      5) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберіндегі газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты бос қуаттар туралы, тарифтер (бағалар), тариф белгілеу (баға белгілеу) әдістемелері туралы ақпаратты жариялау тәртібін (ақпаратты ашу стандарттарын);

      6) Одақ газының индикативтік (болжамдық) баланстарын есепке алу тәртібін;

      7) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасу тәртібін;

      8) бос қуаттарды резервтеу (брондау) және оларды пайдалануға кепілдік беру тәртібін;

      9) газ тасымалдау жүйелеріне қол жетімділік ұсынуға өтінімдер беру тәртібі мен мерзімдерін;

      10) газ тасымалдау жүйесіне қол жетімділік ұсынуға берілетін өтінімдердің нысаны мен мазмұнына, сондай-ақ осындай өтінімге қоса берілетін газдың техникалық стандарттарға сәйкестігі, тасымалданатын газды пайдалану мақсатында оның сипаттамалары, газды сатып алушы, жеткізуші туралы мәліметтерді және газ тасымалдау туралы басқа да мәліметтерді қамтуға тиіс құжаттарға қойылатын талаптарды;

      11) газ тасымалдау жүйелеріне берілетін және олардан алынатын газдың көлемі бойынша нақтылаулар (номинациялар) беру тәртібін;

      12) бос қуаттарды айқындау және бөлу тәртібін, оның ішінде келіп түскен барлық өтінімдерді қанағаттандыру үшін қажетті қуаттар көлемі болмаған жағдайда;

      13) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберіндегі газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізу жөніндегі өтінішін газ тасымалдау жүйелері операторларының қабылдамауға құқығы болатын шарттарды;

      14) газ тасымалдау жүйесіне кірер және одан шығар жердегі газдың көлемі мен сапасын есепке алу тәртібін;

      15) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде тікелей газ жеткізу шарттары бойынша және газбен биржалық сауда-саттықтар шеңберінде жеткізілетін газды тасымалдау бойынша қызметтерге ақы төлеу тәртібін;

      16) газ жеткізушілер мен газды тұтынушылардың ұзақ мерзімді өтінімдері негізінде газ тасымалдау жүйелерін дамыту механизмдері шеңберінде бос қуаттарға қол жетімділік ұсынудың ерекшеліктерін;

      17) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін;

      18) Одақтың ортақ газ нарығында пайдаланылатын газ тасымалдау жүйелерінің өткізу қабілеті мен жұмысының сенімділігіне әсер ететін газ тасымалдау жүйелерінің элементтерін жөндеу графиктерін газ тасымалдау жүйелерінің операторларымен келісу тәртібін;

      19) Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылардың арасында газ саудасына әсер ететін газ тасымалдау жүйелерін дамыту жоспарлары туралы газ тасымалдау жүйелері операторларының бір-бірін хабардар ету тәртібін;

      20) газ тасымалдау жүйелеріне қол жетімділік ұсыну және Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі дауларды шешуді реттейді.

Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартты әзірлеу және жасау

      32. Уәкілетті органдар Комиссиямен бірлесіп Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартты әзірлейді.

      33. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт Шартта және Тұжырымдамада қамтылған ережелердің негізінде әзірленеді және соның ішінде мыналарды:

      1) Одақтың ортақ газ нарығының жұмыс істеу және оны реттеу қағидаттарын;

      2) мүше мемлекеттердің үшінші мемлекеттерден және (немесе) үшінші мемлекеттерге газ тасымалдау және жеткізу кезінде, соның ішінде Одақтың ортақ газ нарығынан сатып алынған газдың үшінші мемлекеттерге қайта сатылуының алдын алуды қамтамасыз ететін өзара іс-қимыл жасау тәртібін;

      3) газ тасымалдау жүйелеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарын;

      4) Одақтың ортақ газ нарығында баға белгілеу және тариф саясатын қалыптастыру қағидаттарын;

      5) мүше мемлекеттердің және Одақтың ортақ газ нарығы субъектілерінің ақпаратты ашу және ашуға жататын ақпараттың тізбесін қалыптастыру тәртібін;

      6) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес таратылуы (қол жетімділігі) шектеулі мәліметтерге жататын мәліметтері бар ақпаратпен алмасу тәртібін;

      7) уәкілетті органдардың, Комиссияның және Одақтың ортақ газ нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылы процесінде электрондық нысанда ұсынылатын ақпараттың тізбесін;

      8) Одақтың ортақ газ нарығын реттейтін актілерді және осы актілерді үшінші мемлекеттердің аумақтарынан шығарылатын және мүше мемлекеттердің аумақтарында пайдаланылатын немесе осы мүше мемлекет үшінші мемлекеттердің аумағына жеткізетін газға, сондай-ақ мүше мемлекеттің аумағында өндірілетін және осы мүше мемлекет үшінші мемлекеттерге жеткізетін газға қатысты қолданбау көзделетін актілерді қабылдау тәртібін қамтуға тиіс.

      34. Бірыңғай қағидалар Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қосымша ретінде енгізіледі.

      341. V тұжырымдамаға сәйкес мүше мемлекет мүше мемлекеттердің тауар биржаларында биржалық сауданы жүзеге асырудың орындылығын, сондай-ақ газды тауар биржаларында сатуды жүзеге асыруы мүмкін мүше мемлекеттердің тауар биржаларының санын айқындайды.

      Ескерту. II-бөлім 341-тармақпен толықтырылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларын әзірлеу, келісу және қабылдау

      35. Уәкілетті органдар Комиссиямен бірлесіп, Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың ережелерін ескере отырып, Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылардың арасында газ жеткізуге арналған тікелей шарттарды жасасу кезінде және Одақтың ортақ газ нарығында газбен биржалық сауда-саттықтар өткізу кезінде қолданылатын Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларын әзірлейді және келіседі.

      351. Биржалық саудалардың операторлары газдың биржалық саудасын жүргізудің қағидаларын әзірлеп, бекітеді.

      Ескерту. II-бөлім 351-тармақпен толықтырылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      36. Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларында, соның ішінде:

      1) Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасауға рұқсат берілген шаруашылық жүргізуші субъектілерді айқындау критерийлерін қоса алғанда, Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасауға қол жеткізу тәртібі;

      2) Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау кезінде Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылардың арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі;

      3) газ тасымалдаудың техникалық мүмкіндіктері мен шарттарын келісу тәртібін қоса алғанда, Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау кезінде Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылардың газ тасымалдау жүйелерінің операторларымен өзара іс-қимыл жасауы тәртібі;

      4) Одақтың ортақ газ нарығындағы газды есепке алу тәртібі;

      5) Одақтың ортақ газ нарығында газ жеткізу шарттарын жасасу және оларды бұзу тәртібі;

      6) Одақтың ортақ газ нарығында газ үшін есеп айырысу тәртібі;

      7) Одақтың ортақ газ нарығында газ жеткізу шарттарын тіркеу және есепке алу тәртібі;

      8) Одақтың ортақ газ нарығындағы дауларды шешу тәртібі;

      9) Одақтың ортақ газ нарығы субъектілерінің Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілігі;

      10) Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларының сақталуына мониторинг жасау қағидаттары, оны өткізуге жауапты органдарды айқындауды қоса алғанда;

      11) Одақтың ортақ газ нарығындағы газ саудасын регламенттейтін өзге де ережелер;

      12) Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларына қосымша болып табылатын Одақтың ортақ газ нарығында газ жеткізудің үлгі шарты көзделеді.

      37. Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларын қабылдау тәртібі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартпен айқындалады.

Газға арналған нормалар мен стандарттарды және газ тасымалдау жүйелерінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды біріздендіру

      38. Газға арналған нормалар мен стандарттарды және газ тасымалдау жүйелерінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды біріздендіру (Одақтың тиісті техникалық регламенттерін әзірлеу мен қабылдауды қоса алғанда) Шарттың Х бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың ұйымдастыру, ақпараттық және технологиялық негіздерін жасау Ақпараттық алмасу жүйесін ұйымдастыру

      39. Ақпараттық алмасу жүйесі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (Шартқа № 3 қосымша) 3-тармағына сәйкес құрылатын Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде іске асырылады.

      40. Ақпараттық алмасу жүйесі уәкілетті органдардың, Комиссияның және Одақтың ортақ газ нарығы субъектілерінің ақпараттық алмасу жүйесінің шеңберінде, сондай-ақ Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін құжаттарда көзделген көлемде ақпарат ұсыну жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Одақтың ортақ газ нарығының субъектісінен алынған ақпаратты Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ұлттық сегментіне енгізуді осы субъект мүше мемлекетінің уәкілетті органы қамтамасыз етеді.

      41. Ақпараттық алмасу жүйесіне енгізілген ақпаратқа қол жетімділік уәкілетті органдарға, Комиссияға және Одақтың ортақ газ нарығының алдын ала авторланудан өткен субъектісіне беріледі.

      42. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енгенге дейін уәкілетті органдардың, Комиссияның және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара іс-қимыл процесінде ұсынылатын электрондық нысандағы ақпараттың тізбесі Шартқа және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.

      43. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін уәкілетті органдардың, Комиссияның және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара іс-қимыл процесінде ұсынылатын электрондық нысандағы ақпараттың тізбесі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартпен айқындалады.

Газ тасымалдау жүйелерінің операторлары мен биржалық сауда-саттық операторлары арасында технологиялық ақпаратпен алмасу

      44. Одақтың ортақ газ нарығында газдың кідіріссіз тасымалдануы мен жеткізілуін қамтамасыз ету үшін газ тасымалдау жүйелерінің операторлары мен биржалық сауда-саттық операторлары арасында, сондай-ақ мүше мемлекеттердің газ тасымалдау жүйелері операторларының бір-бірімен технологиялық ақпаратпен алмасуы Одақтың ортақ газ нарығын реттейтін актілерге сәйкес газ тасымалдау жүйелерінің операторлары мен биржалық сауда-саттық операторларының өзара уағдаластығы бойынша жүзеге асырылады.

Газбен биржалық сауда-саттықтарды жүзеге асыру жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру

      45. Одақтың ортақ газ нарығында газбен биржалық сауда-саттықтарды дайындау және өткізу шеңберінде уәкілетті органдар Комиссиямен бірлесіп мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында газбен биржалық сауда-саттықтар өткізу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру қажеттілігін бағалайды.

4. Газды үшінші мемлекеттерге тасымалдау және жеткізу мәселелері бойынша консультациялар өткізу

      46. Мүше мемлекеттер қажет болған жағдайда мүше мемлекеттер онда өзара бәсекелесетін немесе бәсекелес болуы мүмкін газды үшінші мемлекеттерге тасымалдау және жеткізу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді.

5. Мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру

      47. Комиссия уәкілетті органдармен келісім бойынша мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасына (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін мүше мемлекеттердің технологиялық және коммерциялық инфрақұрылымының жұмыс істеу нормалары мен қағидаларын қоса алғанда) және мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарға салыстырмалы талдау жүргізу үшін ақпарат ұсыну нысанын айқындайды.

      48. Комиссия мүше мемлекеттер ұсынған ақпараттың негізінде мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасына (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін мүше мемлекеттердің технологиялық және коммерциялық инфрақұрылымының жұмыс істеу нормалары мен қағидаларын қоса алғанда) және мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарға салыстырмалы талдау жүргізеді.

      49. Комиссия мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасына жүргізілген салыстырмалы талдаудың қорытындылары бойынша жиынтық есеп қалыптастырады, соның негізінде уәкілетті органдар Комиссиямен бірлесіп мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің үйлестіруге жататын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайтын үйлестіру қағидаттарын дайындауды жүзеге асырады.

      50. Мүше мемлекеттер осы Бағдарламаның 49-тармағына сәйкес айқындалатын қағидаттарды ескере отырып, өздерінің мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы заңнамасын және өздерінің мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы халықаралық шарттарын үйлестіруді жүзеге асырады.

6. Одақтың ортақ газ нарығында баға және тариф саясатын іске асыру, соның ішінде баға индикаторларын қалыптастыру

      51. Мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарының табиғи монополиялар саласына жатқызылған Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді белгілеуі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылар үшін кемсітушіліксіз негізде жүзеге асырылады.

      52. Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты тариф белгілеу (баға белгілеу) тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін және олардың лайықты сапасын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газды тұтынушылардың, газды жеткізушілердің және газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін осындай шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделер балансы негізге алына отырып жүзеге асырылады.

      53. Мүше мемлекеттер:

      Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер (бағалар) туралы ақпаратты, көрсетілген қызметтерге қатысты тариф белгілеу (баға белгілеу) әдістемелерін жариялауды;

      Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеудің (баға белгілеудің) жалпы қағидаттары мен әдістерін қолдануды;

      Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің тарифтер (бағалар) қолдануын бақылауды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін газ тасымалдау жүйелерінің операторлары табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері жөніндегі және Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газ тасымалдау бойынша қызметті аумағында жүзеге асыратын мүше мемлекеттің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Шарттың және Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың талаптарын сақтауға тиіс.

      54. Комиссия уәкілетті органдармен бірлесіп Одақтың ортақ газ нарығында баға индикаторларын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды, сондай-ақ осы индикаторлардың мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлеп, қабылдайды. Баға индикаторлары Одақтың ортақ газ нарығында монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыру кезінде ақпарат ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      55. Баға индикаторларын қалыптастыру, оларды жариялау мерзімдері мен орнын айқындау осы Бағдарламаның 54-тармағында көзделген әдістемелік ұсынымдардың негізінде жүзеге асырылады.

7. Мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау кезіндегі инфрақұрылымдық шектеулерді анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу

      56. Одақтың ортақ газ нарығының жұмыс істеуі үшін газ тасымалдау жүйелерін дамыту балансын сақтау мақсатында Комиссия уәкілетті органдармен бірлесіп мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау кезіндегі инфрақұрылымдық шектеулерді анықтау жөніндегі жұмысты жүргізеді және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      57. Мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау кезіндегі инфрақұрылымдық шектеулерді анықтау ашуға жататын ақпаратты, сондай-ақ ақпараттық алмасу жүйесіне енгізілген ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады.

      58. Талдау нәтижелері бойынша Комиссия уәкілетті органдармен бірлесіп 3 жылда 1 рет мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау кезіндегі инфрақұрылымдық шектеулер туралы есеп және оларды жою бойынша ұсыныстар дайындайды.

8. Газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру

      59. Мүше мемлекеттер бірлескен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, газ саласындағы инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін өз аумақтарында қолайлы жағдайлар жасайды.

      60. Мүше мемлекеттер өзара мүддені білдіретін, оның ішінде газ жеткізушілер мен газды тұтынушылардың ұзақ мерзімді өтінімдерінің негізінде мемлекетаралық магистралдық газ құбырларын және олармен технологиялық жағынан өзара байланысты объектілердің қуаттарын дамытуды қамтамасыз ететін газ саласындағы жобаларды бірлесіп айқындайды және іске асырады. Аумақтарында осындай жобалар іске асырылатын мүше мемлекеттер қажетті реттеушілік қолдауды қамтамасыз етеді.

      61. Газ тасымалдау жүйелерінің операторлары Одақтың ортақ газ нарығына қатысушылардың арасындағы өзара саудаға әсер ететін газ тасымалдау жүйелерін дамыту жоспарлары туралы өзара ақпараттандыруды жүзеге асырады.

      62. Мүше мемлекеттер үшін өзара мүддені білдіретін газ саласындағы жобалар Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (Шартқа № 16 қосымша) ережелеріне сәйкес іске асырылады.

9. Одақтың мемлекетаралық биржасында газ саудасын жүзеге асырудың орындылығын қарау

      63. Одақтың мемлекетаралық биржасы құрылған жағдайда Комиссия Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде Одақтың мемлекетаралық биржасында газ саудасын жүзеге асырудың орындылығы туралы Одақтың мемлекетаралық биржасының мүше мемлекеттердің тауар биржаларымен өзара іс-қимыл механизмдерін әзірлеуді қамтитын (соңғыларының Одақтың ортақ газ нарығындағы газ саудасына құқықтарының сақталуы кезінде) ғылыми негізделген ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді.

      64. Дайындалып, ғылыми негізделген ұсыныстардың негізінде Комиссия мүше мемлекеттермен келісім бойынша Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде Одақтың мемлекетаралық биржасында газ саудасын жүзеге асырудың орындылығы туралы ұсынымдар қабылдайды.

10. Бағдарламаның іске асырылуының мониторингі

      65. Комиссия осы Бағдарламаның және Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады және жыл сайын мониторингтің нәтижелері туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңесті және мүше мемлекеттерді хабардар етеді.

ІІІ. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету

1. Бағдарламаның іске асырылуын қаржыландыру тәртібі және механизмдері

      66. Осы Бағдарламаның іске асырылуын қаржылық қамтамасыз етуді Комиссия өз өкілеттіктеріне сәйкес Одақ бюджетінің қаражаты есебінен, уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттер бюджеттерінің қаражаты есебінен, сондай-ақ бюджеттен тыс көздердің қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      67. Осы Бағдарламаны іске асыру кезінде:

      1) Одақ бюджетінің қаражаты есебінен (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты) Комиссия орындайтын Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді әзірлеу және ақпараттық алмасу жүйесін іске асыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің интеграциялық сегментін дамыту жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады;

      2) мүше мемлекеттердің бюджеттерінің қаражаты есебінен (уәкілетті органдардың қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражаттың шегінде) уәкілетті органдардың қатысуымен жүзеге асырылатын Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді әзірлеу, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін үйлестіру және ақпараттық алмасу жүйесін іске асыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ұлттық сегменттерін дамыту жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады;

      3) бюджеттен тыс көздердің қаражатын тартумен Одақтың ортақ газ нарығының жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылым құру және оны дамыту қаржыландырылады.

2. Ғылыми қамтамасыз ету

      68. Осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың институттық, технологиялық, заңдық және экономикалық механизмдерін қоса алғанда, Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру қағидалары мен механизмдерін әзірлеу кезінде талдамалық зерттеулер жүргізу және ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау түрінде оны соның ішінде мынадай:

      1) газбен биржалық сауда-саттықтарды жүргізу қағидаларының мазмұны жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды қоса алғанда, газбен биржалық сауда-саттықтарды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;

      2) бірыңғай қағидалар әзірлеу;

      3) Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларын әзірлеу;

      4) Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде Одақтың мемлекетаралық биржасында газ саудасын жүзеге асырудың орындылығы туралы ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау;

      5) Одақтың ортақ газ нарығында баға индикаторларын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ олардың мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлеу бағыттары бойынша ғылыми қамтамасыз ету талап етіледі.

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2018 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 18 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімі Күтілетін нәтиже Жауапты орындаушы Тең орындаушылар

І. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ортақ газ нарығын реттейтін актілерді әзірлеу

1. Ақпараттық алмасу жүйесінің шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін құжаттарды қабылдау:


Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) актілері

Комиссия

Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, Комиссияның және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара іс-қимылы процесінде электрондық нысанда ұсынылатын ақпарат тізбесі бойынша

2019 жыл




Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартта айқындалатын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, Комиссияның және Одақтың ортақ газ нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылы процесінде электрондық нысанда ұсынылатын ақпарат тізбесі бойынша

2023 жыл (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)




2. Алып тасталды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

3. Мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізу бірыңғай қағидаларының жобасын әзірлеу

2023 жыл

мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізу бірыңғай қағидаларының жобасы

Ресей Федерациясы

Комиссия, мүше мемлекеттер

4. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың екінші кезеңіне өту туралы шешім қабылдау

2020 жыл

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің актісі

Комиссия

мүше мемлекеттер

5. Алып тасталды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

6. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартты әзірлеу және оны мемлекетішілік келісуге жіберу

2023 жыл

Комиссия актісі

Ресей Федерациясы

мүше мемлекеттер, Комиссия

7. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың үшінші кезеңіне өту туралы шешім қабылдау

2023 жыл (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің актісі

Комиссия

мүше мемлекеттер

8. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қою

2023 жыл

Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт

мүше мемлекеттер

Комиссия

9. Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидаларын әзірлеу және қабылдау

2023 жыл

Одақтың ортақ газ нарығында газбен сауда жасау қағидалары

Ресей Федерациясы

мүше мемлекеттер, Комиссия

ІІ. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың ұйымдастыру, ақпараттық және технологиялық негіздерін жасау

1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, Комиссияның және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара іс-қимылы процесінде электрондық нысанда ұсынылатын ақпарат тізбесіне сәйкес Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жалпы процесті іске асыру арқылы ақпараттық алмасу жүйесін ұйымдастырудың орындылығы туралы шешім қабылдау

2023 жыл

Комиссияның актісі

Комиссия

мүше мемлекеттер

2. Одақтың ортақ газ нарығында газдың кідіріссіз тасымалдануы мен жеткізілуін қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелерінің операторлары мен биржалық сауда-саттық операторлары арасында, сондай-ақ мүше мемлекеттердің газ тасымалдау жүйелері операторларының бір-бірімен технологиялық ақпаратпен алмасуын ұйымдастыру
 

2023 жыл (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)

технологиялық ақпаратпен алмасу

Ресей Федерациясы

мүше мемлекеттер

ІІІ. Мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау мен жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру

1. Мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасына және мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарға салыстырмалы талдау жүргізу

2019 жыл

жиынтық есеп

Комиссия

мүше мемлекеттер

2. Мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің үйлестіруге жататын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін және үйлестіру қағидаттарын дайындау

2019 жыл

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің актісі

Комиссия

мүше мемлекеттер

3. Мүше мемлекеттердің арасында газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын және мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарды үйлестіру

Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес

мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері



ІV. Одақтың ортақ газ нарығында баға және тариф саясатын іске асыру,
оның ішінде баға индикаторларын қалыптастыру

1. Одақтың ортақ газ нарығында баға индикаторларын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу және қабылдау

2023 жыл (ерте дегенде Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)

Комиссия актісі

Комиссия

мүше мемлекеттер

2. Одақтың ортақ газ нарығында баға индикаторларына мониторингті жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және қабылдау

2023 жыл (ерте дегенде Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)

Комиссия актісі

Комиссия

мүше мемлекеттер

3. Мүше мемлекеттердің аумақтарында газдың тең кірісті бағасына өтудің орындылығы туралы шешім қабылдау

2023 жыл (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің актісі

мүше мемлекеттер

Комиссия


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады