Еуразиялық экономикалық комиссияның Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы" 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 18 шешімінде көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың бірінші кезеңінің іс-шаралары орындалды деп тану туралы ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз |
Ресей |
Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 3 шешіміне ҚОСЫМША |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы" 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 18 шешімінде:
а) аталған Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасында:
11-тармақтың төртінші, жетінші және сегізінші абзацтар алып тасталсын;
бірінші абзацтағы "2022 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші-бесінші абзацтар алып тасталсын;
оныншы абзац "реттейтін актілерді" деген сөздерден кейін ", оның ішінде бірыңғай қағидаларды қамтитын актілерді" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Одақтың кедендік аумағында Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газды биржалық сату жүзеге асырылуы мүмкін бір немесе бірнеше тауар биржаларының жұмыс істеуін қамтамсыз ету;";
ІІ бөлімнің "Газды биржалық сатуды жүзеге асырудың тәртібін әзірлеу және қабылдау" деген 2-кіші бөлімнің күші жойылды деп танылсын;
29 және 30-тармақтардың күші жойылды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 341 және 351-тармақтармен толықтырылсын:
"341B. V тұжырымдамаға сәйкес мүше мемлекет мүше мемлекеттердің тауар биржаларында биржалық сауданы жүзеге асырудың орындылығын, сондай-ақ газды тауар биржаларында сатуды жүзеге асыруы мүмкін мүше мемлекеттердің тауар биржаларының санын айқындайды.";
"351. Биржалық саудалардың операторлары газдың биржалық саудасын жүргізудің қағидаларын әзірлеп, бекітеді.";
б) Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
І бөлімде:
бірінші графадағы 1-тармақтағы "2022 жыл" деген сөздер "2023 жыл (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
екінші графадағы 3-тармақтағы "2020 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тарақ алып тасталсын;
екінші графадағы 6-тармақтағы "2021 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші графадағы 7-тармақтағы "2021 жыл" деген сөздер "2023 жыл (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші графадағы 8-тармақтағы "2022 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
ІІ бөлімде:
1-тармақта:
бірінші графадағы "ұйымдастыру" деген сөз "ұйымдастырудың орындылығы туралы шешім қабылдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші графадағы "2022 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші графадағы "ақпараттық алмасу жүйесі" деген сөздер "Комиссияның актісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші графадағы 2-тармақтағы "2021 жыл" деген сөздер "2023 жыл (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)" деген сөздермен ауыстырылсын;
ІV бөлімнің 3-тармағындағы "2023 жыл" деген сөздер "2023 жыл (Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойылғаннан кейін)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың екінші кезеңіне өту туралы" 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 21 шешімінің 1-тармағы "а" және "в" тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.