2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 21 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабының 2-тармағының екінші абзацына және 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 13.3-бабына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді барлық Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындағаны туралы ақпаратын назарға ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Келісім күшіне енген күнінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ үшін міндетті деп танылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Қытай Халық Республикасының атына Келісімнің 13.3-бабында көзделген хабарламаны жіберсін;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерін Келісімнің күшіне енген күні туралы хабардар етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады