Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №23 шешімімен бекітілген ырықтандыру жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау жасау нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С.Саркисянның баяндамасын (бұдан әрі тиісінше – баяндама, ырықтандыру жоспарлары) назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия:
а) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XV бөлімінің ережелерін іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізген кезде баяндама ережелерін ескерсін;
б) баяндама ережелерін ескере отырып, ырықтандыру жоспарларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын, сондай-ақ қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының кедергілерсіз, алып қоюларсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз ырықтандыру жоспарларында көрсетілген мерзімдерде жұмыс істей бастауын қамтамасыз ету қажеттігіне негіздей отырып, ырықтандыру жоспарларында көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерінде орындауды қамтамасыз етсін.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |