Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдар мен бірлескен іс-шараларды әзірлеу және қабылдау тәртібі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 25 маусымдағы "Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттер экономикалық дамудың тұрақтылығын белгілейтін, макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін жоғарылатқан жағдайда экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды әзірлеу және қабылдау тәртібі туралы" № 93 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 9 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикалық дамудың
орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық
мәндерінен асып кеткен жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға
бағытталған ұсынымдар мен бірлескен іс-шараларды әзірлеу және қабылдау
ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 3-тармағының 5-тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді және мүше мемлекеттер экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен (бұдан әрі – макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндері) асып кеткен жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдар мен бірлескен іс-шараларды әзірлеу және қабылдау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) және ұлттық (орталық) банктерді қоса алғанда, экономика, қаржы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және құқықтық реттеу бойынша функцияларды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің органдары (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер) жүзеге асыратын іс-қимылдардың дәйектілігін белгілейді.
2. Егер Комиссия жүргізген макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінің мониторингі нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің жыл қорытындысы бойынша олардан асып кеткені анықталған жағдайда Комиссия күнтізбелік 14 күн ішінде осы мүше мемлекетке оның макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткені туралы хабарлама жібереді.
3. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы Тәртіптің 2-тармағында көзделген хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде Комиссияға:
а) мүше мемлекет қабылдаған экономикалық ахуалды тұрақтандыруға және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық шаралар туралы ақпаратты;
б) Комиссия бұрын қабылдаған ұсынымды есепке алу туралы ақпаратты – егер мұндай ұсыным экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін қабылданған және қолданылған жағдайда ұсынады.
4. Комиссия осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде мүше мемлекет макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған шараларды қабылдау бойынша Комиссияның ұсыныстарын қамтитын ұсынымның жобасын (бұдан әрі – ұсыным) дайындауды жүзеге асырады және оны келісу үшін мүше мемлекетке жібереді.
5. Комиссия макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін асырған мүше мемлекеттің уәкілетті органдарымен бірлесе отырып ұсынымның жобасын қарау үшін консультациялар өткізуге ұсыным жобасын мүше мемлекетке жіберген күннен бастап күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімді белгілейді.
6. Осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген консультациялардың нәтижелері бойынша пысықталған ұсыным жобасы белгіленген тәртіпте Комиссия Алқасының қарауына ұсынылады.
7. Мүше мемлекет қатарынан 3 жыл ішінде макроэкономикалық көрсеткіштердің белгілі бір санды мәнін асырған жағдайда Комиссия мүше мемлекеттердің келісімі бойынша көрсетілген кезеңнің соңғы жылы аяқталатын күннен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын экономикалық ахуалды тұрақтандыруға және орнықты экономикалық дамуды арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды әзірлейді.
Мүше мемлекет осы макроэкономикалық көрсеткіштің сандық мәнінін асыруды жалғастырған жағдайда бірлескен шаралар 3 жылда 1 реттен кем емес әзірленеді.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін асырған мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша бірлескен шаралар осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген 3 жылдық кезең өткенге дейін әзірленуі мүмкін.
8. Ұсынымдар мен бірліскен шараларды іске асыру нәтижелері мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын әзірлеу кезінде ескеріледі.