Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 284 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 10 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдерін қабылдау тәртібі туралы" № 284 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 10 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 284 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      Атауында "қабылдау" деген сөз "дайындау" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Кіріспеде "Кеден одағының Кеден кодексі 52-бабының 7-" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 5-" деген сөздермен ауыстырылсын.

      1-тармақта "қабылдау" деген сөз "дайындау" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3-тармақтың күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдерін қабылдау тәртібінде:

      а) атауында "қабылдау" деген сөз "дайындау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) мәтін бойына:

      тиісті септікте "келісу" деген сөз тиістік септікте "қарау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "(жою)" сөзі алып тасталсын;

      в) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 22-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының (бұдан әрі тиісінше – кеден органдары, мүше мемлекеттер) Комиссияға осындай шешімдерді қабылдау туралы ұсыныстар енгізу, оларды Комиссияның қарауы, Кодекстің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес дайындалған Комиссияның сыныптау туралы шешімдері жобаларын кеден органдарының келісуі қағидаларын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдерді (бұдан әрі тиісінше – Комиссия, Комиссияның сыныптау туралы шешімі, ЕАЭО СЭҚ ТН) дайындау қағидаларын белгілейді.";

      г) 3-тармақта "мүше мемлекеттердің" және "бұдан әрі – кеден органдары" деген сөздер алып тасталсын;

      д) III бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "III. Өтініштерді және Комиссияның сыныптау туралы шешімдерінің жобаларын қарау";

      е) 7-тармақтың бірінші сөйлемінде "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 58 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларына" деген сөздер "Комиссия бекіткен Комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ж) 9-тармақтың бірінші абзацында:

      "кеден органы" деген сөздерден кейін "электрондық пошта арқылы және қағаз тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      "тиісті сұрау салуды алған күннен бастап" деген сөздер "келіп түскен сұрау салуды тіркеу күнінен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      з) мынадай мазмұндағы 91-тармақпен толықтырылсын:

      "91. Кеден органынан осы Тәртіптің 5 немесе 6-тармағында көзделген өтініш қоса тіркелген құжаттармен бірге келіп түскеннен кейін Департамент Комиссияның сыныптау туралы шешімінің жобасын жетілдіруді (қажет болған жағдайда) қамтамасыз етеді.

      Кеден органдары ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Департамент Комиссияның сыныптау туралы шешімінің жобасын дайындайды және кеден органдарының қарауына жібереді.";

      и) 10-тармақта "Комиссияның сыныптау туралы шешімі жобасын алған күннен бастап" деген сөздер "келіп түскен Комиссияның сыныптау туралы шешімі жобасының тіркелген күнінен бастап" деген сөздермен, "оны келісу туралы ақпаратты (ескертулерсіз не ескертулермен)" деген сөздер "позициялар баяндалған құжаттарды немесе қаралатын мәселе бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (бар болған жағдайда) электрондық пошта арқылы және қағаз тасымалдағышта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      к) 11-тармақтың екінші абзацында "осы жоба Комиссия Алқасының отырысында қарау үшін белгіленген тәртіпте енгізіледі" деген сөздер "Комиссия жобамен жұмысты жалғастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      л) 13-тармақтың екінші абзацының күші жойылды деп танылсын;

      м) мынадай мазмұндағы III1 бөліммен толықтырылсын:

"III1. Комиссияның бастамасы бойынша Комиссияның сыныптау туралы шешімдерін дайындау

      131. Комиссия кеден органдарының ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы бұрын қабылданған шешімдерінде, кеден органдарының Кодекстің 21-бабының 6-тармағына сәйкес қабылдаған ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін сырыптау туралы шешімдерінде немесе түсіндірулерінде тауарлардың әртүрлі сыныпталуын анықтаған жағдайда, Комиссия өз жеке бастамасы бойынша тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдерді (бұдан әрі – Комиссияның бастамасы бойынша сыныптау туралы шешімдер) қабылдайды.

      Комиссияның бастамасы бойынша сыныптау туралы шешімдерін Комиссияның қабылдау үшін Департамент кеден органдарынан тиісті шешімдерді және (немесе) түсіндірмелерді қабылдау үшін негіз болған, кеден органдары сұрау салу кеден органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей электрондық пошта арқылы және қағаз тасымалдағышта ұсынатын құжаттарды сұратады.

      132. Егер кеден органдары сұратылған құжаттарды осы Тәртіптің 131-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған болса, Департамент Комиссияның бастамасы бойынша сыныптау туралы шешімінің жобасын дайындауды қолда бар ақпараттың негізінде жүзеге асырады.

      Департамент Комиссияның бастамасы бойынша сыныптау туралы шешімнің жобасын осы Тәртіптің 5-тармағының "б" және "г" тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса тіркей отырып барлық мүше мемлекеттердің кеден органдарына келісуге жібереді.

      133. Кеден органдары келіп түскен Комиссияның бастамасы бойынша сыныптау туралы шешімінің жобасы тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей осындай шешімнің жобасын келісу туралы хатты немесе қаралатын мәселе бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (бар болған жағдайда) электрондық пошта арқылы және қағаз тасымалдағышта Комиссияға ұсынады.

      134. Кеден органдарының Комиссияның бастамасы бойынша сыныптау туралы шешімінің жобасын қарау қорытындысы бойынша Департамент осы жобаны жетілдіруді (қажет болған жағдайда) және оны кеден органдарының қайта келісуінсіз Комиссия Алқасының қарауына енгізуді қамтамасыз етеді.

      Егер Комиссияның бастамасы бойынша сыныптау туралы шешімнің жобасын келісу туралы ақпаратты немесе қаралатын мәселе бойынша ескертулер мен ұсыныстарды кеден органы осы Тәртіптің 133-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда Комиссия осы кеден органының пікірін ескерусіз Комиссияның бастамасы бойынша сыныптау туралы шешімнің жобасымен жұмысты жалғастырады.

      135. Комиссияның бастамасы бойынша сыныптау туралы шешімнің жобасын дайындау кезінде Департамент тауардың жекелеген түріне қатысты мәселелерді нақтылау мақсатында кеден органдарынан, сарапшыллық ұйымдардан, мамандандырылған кәсіпорындардан, мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарынан қосымша ақпарат сұратуға, сондай-ақ осы органдардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың өкілдерімен консультациялар өткізуге құқылы.";

      н) IV бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "IV. Комиссияның сыныптау туралы шешімдерінің күші жойылды деп тану не оларға өзгерістер енгізу тәртібі";

      о) 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Комиссияның сыныптау туралы шешімі Кодекстің 22-бабының 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша күші жойылды деп танылады не оларға өзгерістер енгізіледі.";

      п) 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кеден органдары келіп түскен Комиссияның сыныптау туралы шешімінің күші жойылды деп тану туралы не оған өзгерістер енгізу туралы Комиссия шешімінің жобасы тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей позициялар баяндалған құжаттарды немесе қаралатын мәселе бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (бар болған жағдайда) электрондық пошта арқылы және қағаз тасымалдағышта Комиссияға ұсынады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады