Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі №29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесі мынадай мазмұндағы ХХ бөліммен толықтырылсын:
"ХХ.Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету
77. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасында еңбекшілерге (олардың отбасы мүшелеріне) зейнетақы белгілеу және төлеу үшін қажетті электрондық құжаттар және (немесе) мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету |
Еуразиялық экономикалық одаққа |
78. Еңбекшілерге (олардың отбасы мүшелеріне) зейнетақы төлеу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасында электрондық құжаттар және (немесе) мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету |
Еуразиялық экономикалық одаққа |
2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |