2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8414 30 200 9 кодымен сыныпталатын тоңазытқыш жабдығына арналған компрессорлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін кедендік құннан 0 % көлемінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8414 30 200 9 коды бар позиция төртінші графада ескертуге "58С)" сілтемесімен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 58С ескертуімен толықтырылсын:
"58С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 0 (нөл) % көлемінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 31 желтоқсандағы № 17 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2019 жылға дейін қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |