Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарының айналысы кезінде өзара таныған ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және себу (отырғызу) сапасы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 18 шешімі

      2017 жылғы 7 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімнің 3-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарының айналысы кезінде өзара таныған ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және себу (отырғызу) сапасы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден осы Шешіммен бекітілген тізбеге тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу және консультациялар өткізу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық және егу (отырғызу) сапасы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды беру тәртібін және түрлерін (нысандарын) анықтауға қатысты бөлігінде жоспарланатын өзгерістер туралы, сондай-ақ мұндай өзгерістерді енгізу туралы бір-біріне және Еуразиялық экономикалық комиссияға тиісті нормативтік құқықтық акті қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде хабарлау сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 7 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 31 қаңтардағы
№ 18 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің тұқымдарының айналысы кезінде өзара таныған ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының
сорттық және себу (отырғызу) сапасы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың
ТІЗБЕСІ

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атауы

Құжаттың атауы

I. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық сапасы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар

Армения Республикасы

Армения Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Армения Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктерін апробациялау актісі

Беларусь Республикасы

Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде ресімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктерін апробациялау актісі

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген сорттық егістіктерді апробациялау актісі

Қырғыз Республикасы

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген ауыл шаруашылығы дәндеріне дала инспекциясының актісі

Ресей Федерациясы

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде ресімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктерін егуді апробациялау актісі

II. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының егу (отырғызу) сапасы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар

Армения Республикасы

Армения Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Армения Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген сынақтар хаттамасы

Беларусь Республикасы

Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде ресімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасы туралы куәлік

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген тұқымдық картоп партиясына түйнектік талдау актісі

Қырғыз Республикасы

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген тұқымның сәйкестігі сертификаты

Ресей Федерациясы

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде ресімделген сынақтар хаттамасы

III. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егу (отырғызу) сапасы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар

Армения Республикасы

Армения Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Армения Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген сертификат

Беларусь Республикасы

Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде ресімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының куәлігі

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының аттестаты


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген картоптың түпнұсқалық, супер элиталық, элиталық тұқымының аттестаты


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының куәлігі


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген картоптың репродуктивті тұқымдарының куәлігі

Қырғыз Республикасы

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде және Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілінде ресімделген тұқымның сәйкестік сертификаты

Ресей Федерациясы

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес берілген, орыс тілінде ресімделген сәйкестік сертификаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады