Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 23 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 50-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Жылжымалы теміржол құрамының қауіпсіздігі туралы", "Жылдамдығы жоғары теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" және "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерін қабылдау туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешімінің 3-тармағының 3.2-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "қызмет ету мерзімін ұзарта отырып жаңғыртылатын, сәйкестігін бағалау құжаттарынсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбалаусыз жалпы пайдаланылмайтын теміржол жолдарында пайдалану үшін айналымға шығарылатын маневрлік локомотивтерді 2018 жылғы 2 тамызға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналымға шығаруға рұқсат етіледі.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден қызмет ету мерзімін ұзарта отырып жаңғыртылатын, сәйкестігін бағалау құжаттарынсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбалаусыз жалпы пайдаланылмайтын теміржол жолдарында пайдалану үшін айналымға шығарылатын маневрлік локомотивтердің пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету сұралсын.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2017 жылғы 2 тамыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады