Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7-тармағына, 43-тармағының 2-тармақшасына және 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 шешімімен бекітілген Уәкілетті өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына енгізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) V бөлімнің 1-тармағы алып тасталсын;
б) III бөлімде:
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |