Тұзды ірімшіктерді Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 32 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Сүттен және (немесе) оның табиғи компоненттерін басқа заттармен араластырмай сүттен алынған өнімдерден нәтижесі жаңа (балғын) тұзды ірімшіктердің нақты атауларына тән қалыптасқан физикалық, химиялық және органолептикалық көрсеткіштері бар ірімшіктерді алу болып табылатын жетілуді көздемейтін өндіріс технологиясы бойынша әзірленген тұзды ірімшіктер сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 0406 10 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Сүттен және (немесе) оның табиғи компоненттерін басқа заттармен араластырмай сүттен алынған өнімдерден нәтижесі жетілдірілген тұзды ірімшіктердің нақты атауларына тән қалыптасқан физикалық, химиялық және органолептикалық көрсеткіштері бар ірімшіктерді алу болып табылатын жетілуді көздейтін өндіріс технологиясы бойынша әзірленген тұзды ірімшіктер сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 0406 90 қосалқы позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады