Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 045/2017) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы № 36 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және күшін жою тәртібінің 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 045/2017) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімдерге қатысты техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған өнімдердің Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына енетін актілерде немесе Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2021 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмегенше жарамды.

      Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап өнімдердің бұрын Одақтың құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      б) техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Одақтың құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті бағалауға жатпайтын өнімдерді өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбалаусыз мүше мемлекеттердің аумақтарында өндіруге және айналымға шығаруға 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсат етіледі;

      в) техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған жағдайда өнімдерді бұрын Одақтың құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкес мүше мемлекеттердің аумақтарында өндіруге және айналымға шығаруға 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсат етіледі деп белгіленсін.

      Өнімдер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбаланады. Мұндай өнімдерді Одақтың нарықтағы өнімнің айналымының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметінен мүше мемлекеттермен бірлесе отырып:

      а) зерттеу (сынақтар) және өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама жобасын;

      б) оған қатысты кедендік декларация тапсыру техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды ұсынумен ілесе жүретін өнімдер тізбесінің жобасын 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін әзірлеу және Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады