Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 40 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 102 шешімі күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентімен (КО ТР 033/2013) белгіленген, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 102 шешімімен оған қатысты өзгерістер енгізілген өнімнің (бұдан әрі – өнім) міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 102 шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 180 күннен кешіктірілмей жарамды;

      б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар бар болған жағдайда өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналымға шығаруға Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 102 шешімі күшіне енген күннен астап күнтізбелік 180 күн ішінде жол беріледі;

      в) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуы кезеңінде айналымға шығарылған өнімнің айналысына осы өнімнің өндірушісі белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия оның нәтижелерін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 1 желтоқсандағы отырысында қараумен осы Шешімнің 1-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көзделген мерзімдерде өзгерістер енгізу қажеттілігін белгілеу мақсатында осы Шешімді іске асыру мониторингін қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 102 шешімі күшіне енетін күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады