2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес жиынтықты газ айдайтын агрегаттар құрамында пайдалануға арналған және ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 82 200 1 және 8411 82 600 1 кодтарымен сыныпталатын, қуаты 5 000 кВт астам, бірақ 50 000 кВт аспайтын газ турбиналарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.
2. Осы Шешім 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, бірақ ерте дегенде ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 44 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуромен, не АҚШ долларымен) | |
8411 82 200 1 | – – – – | жиынтықты газ айдайтын агрегаттар құрамында пайдалану үшін | 5 |
8411 82 600 1 | – – – – | жиынтықты газ айдайтын агрегаттар құрамында пайдалану үшін | 3 |