Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 51 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 11-бабы 15-тармағының 9-тармақшасына, 17 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім 2018 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
К. Минасян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 10 сәуірдегі
№ 51 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру
ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың (бұдан әрі тиісінше – алдын ала ақпарат, Одақ), осындай ақпаратты беруге міндетті немесе құқылы тұлғалардың, сондай-ақ алдын ала ақпарат берілмеуі мүмкін жағдайлардың құрамын айқындайды.

      Осы Тәртіп Одақтың кедендік аумағына паромдар қолданыла отырып, автомобиль көлігімен және теміржол көлігімен әкелу болжанатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

      2. Тауарлар әкелуді жүзеге асыратын тасымалдаушы алдын ала ақпаратты осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген мәліметтер көлемінде ғана беруге міндетті. Тасымалдаушының атынан алдын ала ақпаратты оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға береді.

      3. Осы Тәртіптің 6-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көзделген мәліметтер көлемінде алдын ала ақпаратты тасымалдаушы немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға беруге құқылы.

      Осы Тәртіптің 6-тармағының "в" және "к" тармақшаларында көзделген мәліметтер көлемінде алдын ала ақпаратты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 82-бабының 4-тармағында және 83-бабында көрсетілген тұлғалар беруге құқылы.

      Кодекстің 11-бабы 3-тармағының екінші абзацына сәйкес кеден органдары осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарда көрсетілген тұлғалардан осы Тәртіптің 6-тармағында айқындалған құрамда алдын ала ақпарат беруді талап етуге құқылы емес.

      4. Алдын ала ақпарат Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) аумағында орналасқан бірінші портқа кеменің кіруі жоспарланатын уақытқа дейін 6 сағат бұрын беріледі.

      Егер мүше мемлекеттің аумағында орналасқан бірінші портқа кеме кіргенге дейін оның өту (тіркеп-сүйреу) уақыты 6 сағаттан аз болса, алдын ала ақпарат жүріп-кету портынан кеме іс жүзінде шыққанға дейін беріледі.

      5. Кодекстің 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мақсаттарда берілетін алдын ала ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды:

      а) алдын ала ақпарат берген тұлға туралы мәліметтер (мұндай ақпаратты тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға берген жағдайда) (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      б) кеден өкілдерінің тізіліміне заңды тұлғаның енгізілгенін растайтын құжаттың нөмірі (алдын ала ақпаратты кеден өкілі берген жағдайда);

      в) тауарларды тасымалдаушылар туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      г) кеменің атауы, типі, тіркеу нөмірі және (немесе) Халықаралық теңіз ұйымы берген нөмірі (бұдан әрі – ИМО нөмірі);

      д) рейс туралы қысқаша мәліметтер (рейс нөмірі (болған жағдайда), кері кету, кіру, соңғы келу, кейінгі келу порттарының кодтары);

      е) кеменің келуі жоспарланатын күн және уақыт;

      ж) кемені (порт, күн, нөмір), кеме туының мемлекетін тіркеу туралы мәліметтер;

      з) кеме агентінің толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы және мекенжайы, кеме агенттігі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон нөмірі;

      и) көлік (тасымалдау) құжаттарына (әрбір құжат бойынша) сәйкес жүктер туралы мәліметтер:

      көлік (тасымалдау) құжатының жасалған нөмірі мен күні;

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері, пломбалардың, мөрлер мен өзге де сәйкестендіру құралдарының (болған жағдайда) нөмірлері;

      тиеу портының және түсіру портының кодтары;

      жүктерді бастапқы жөнелту портының коды (мультимодальдық тасымалдарды немесе толассыз коносамент арқылы тасымалдарды жүзеге асыру жағдайында);

      жүктердің таңбалануы және нөмірі, жүк орындарының саны және олардың орамаларының түрі (мүше мемлекеттердің порттарында түсірілуге тиісті жүктерге қатысты);

      тауарлардың брутто салмағы;

      мүше мемлекеттердің порттарында түсірілуге тиісті жүктердің саны мен сипаттамасы;

      Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау және кодтау үндестірілген жүйесіне тауарлардың кодтары (болған жағдайда) (мүше мемлекеттердің порттарында түсірілуге тиісті жүктерге қатысты);

      к) кемедегі кеме азық-түліктері туралы мәліметтер (атауы және саны);

      л) кеме экипажы мүшелерінің саны, тегі, аты, лауазымы, азаматтығы (бодандығы), туған күні мен жері, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

      м) жолаушылар саны, тегі, аты, азаматтығы (бодандығы), туған күні мен жері, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, отырғызу және түсіру порттарының кодтары;

      н) құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдары, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың болуы (болмауы) (мұндай ақпарат болған кезде);

      о) кеме бортында қауіпті жүктердің болуы (Қауіпті жүктерді тасымалдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес қауіпті заттың немесе бұйымның сыныбы, нөмірі (БҰҰ Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі ұсынымға қосымша).

      6. Кодекстің 11-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мақсаттарда берілетін алдын ала ақпаратта жасалуын жеделдету үшін осындай ақпарат берілетін кедендік операциялар туралы мәліметтер, сондай-ақ мынадай мәліметтер қамтылады:

      а) Кодекстің 278-бабының 4-тармағына сәйкес алдына ала ақпарат халықаралық тасымалдың көлік құралына арналған декларация ретінде берілген жағдайда:

      осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген мәліметтер;

      халықаралық тасымалдың көлік құралын әкелу мақсаты;

      халықаралық тасымалдың көлік құралын жөндеу және (немесе) пайдалану үшін өткізілетін қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың атауы;

      б) алдын ала ақпарат Одақтың кедендік аумағында мүше мемлекеттің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының халықаралық тасымалдың көлік құралдары мен адамдарға санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) жүргізуге қатысты бөлігінде шешім қабылдауын талап ететін кедендік операцияларды жасау үшін берілген жағдайда:

      алдын ала ақпарат берген тұлға туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      кеменің атауы, типі, тіркеу нөмірі және (немесе) ИМО нөмірі, рейс нөмірі (болған жағдайда);

      түсіру портының коды;

      рейс уақытында анықталған сырқаттану жағдайларының немесе инфекциялық ауруларға күдікті адамдардың болуы (болмауы) туралы мәліметтер;

      халықаралық медициналық-санитариялық декларацияға сәйкес халықаралық тасымалдың көлік құралының санитариялық жай-күйі туралы мәліметтер;

      халықаралық тасымалдың көлік құралын санитариялық айлақта (санитариялық рейдте) орналастыру қажеттілігі туралы мәліметтер;

      жолаушылар мен экипаж мүшелеріне қатысты портта еркін практикаға рұқсат беру (шектеу) туралы шешім қабылдау туралы мәліметтер;

      халықаралық тасымалдың көлік құралдарының эпидемияға қарсы әзірлігі туралы (инсектицидтік препараттар, репелленттер, тыныс алу органдарының жеке қорғаныш құралдары (маскалар, арнайы майлықтар), сондай-ақ эпидемияға қарсы іс-шаралардың профилактикасы және оларды өткізу мәселелері бойынша кемелердің экипаж мүшелерінің әзірлігі туралы мәліметтер;

      халықаралық тасымалдың көлік құралына профилактикалық дезинсекциялау және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша дезинсекциялау жүргізу туралы мәліметтер;

      қайталама инспекциялау жүргізу қажеттігі туралы мәліметтер;

      в) алдын ала ақпарат Кодекстің 100-бабына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау үшін берілген жағдайда:

      алдын ала ақпарат берген тұлға туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      тауарларды уақытша сақтаудың жоспарланатын орны (заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгенін немесе өзге орында уақытша сақтауға рұқсаттың берілгенін растайтын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні);

      порт терминалының атауы, тауарларды уақытша сақтауға рұқсат беретін құжаттың нөмірі мен берілген күні;

      тауарларды уақытша сақтауға орналастыру жоспарланған күн;

      кеменің атауы, типі, тіркеу нөмірі және (немесе) ИМО нөмірі, рейс нөмірі (болған жағдайда);

      тауарды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер (заңды тұлғалардың, заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың толық немесе қысқаша (қысқартылған) атаулары не жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      тауарларды жөнелту елі және олардың межелі елі;

      көлік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттардың нөмірі мен жасалған (берілген) күні (болған жағдайда);

      көлік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарлардың атауы;

      брутто салмағы (килограмм) не тауарлардың көлемі (текше метр);

      қосымша тауар бірліктерінде тауарлар саны (болған жағдайда);

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған жағдайда);

      кемінде алғашқы 6 белгі деңгейінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауарлардың кодтары (болған жағдайда);

      көлік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарлардың құны (болған жағдайда);

      тауарларды уақытша сақтаудың айрықша шарттарын қамтамасыз ету қажеттігі (қажеттіктің болмауы);

      г) алдын ала ақпарат тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау үшін, оның ішінде транзиттік декларация ретінде пайдалану үшін берілген жағдайда – Кодекстің 107-бабында көзделген мәліметтер;

      д) алдын ала ақпарат ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру бөлігінде Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау үшін берілген жағдайда:

      алдын ала ақпарат берген тұлға туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      кеменің атауы, типі, тіркеу нөмірі және (немесе) ИМО нөмірі, рейс нөмірі (болған жағдайда);

      көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі мен жасалған күні;

      кемінде алғашқы 6 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың кодтары;

      түсіру портының коды;

      тауарларды әкелуге немесе транзиттеуге арналған рұқсаттың нөмірі мен берілген күні, мүше мемлекеттің рұқсат берген ветеринария саласындағы уәкілетті органының атауы (егер мұндай шешім Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес талап етілсе);

      ветеринариялық сертификаттың нөмірі мен берілген күні, экспорттаушы елдің сертификат берген құзыретті органының атауы (егер мұндай сертификат Ережеге сәйкес талап етілсе);

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған жағдайда);

      е) алдын ала ақпарат фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге қатысты карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру бөлігінде Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау үшін берілген жағдайда:

      алдын ала ақпарат берген тұлға туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      тауарды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер (көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес атауы және мекенжайы);

      кеменің атауы, типі, тіркеу нөмірі және (немесе) ИМО нөмірі, рейс нөмірі (болған жағдайда);

      көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі мен жасалған күні;

      түсіру портының коды;

      экспорттаушы (кері экспорттаушы) елдің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы берген экспорттық (кері экспорттық) фитосанитариялық сертификаттың нөмірі, күні және оны берген ел;

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған жағдайда);

      ж) алдын ала ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты Кодекстің 7-бабына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын растау үшін берілген жағдайда (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша):

      алдын ала ақпарат берген тұлға туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі мен жасалған күні;

      кеменің атауы, типі, тіркеу нөмірі және (немесе) ИМО нөмірі, рейс нөмірі (болған жағдайда);

      лицензияның немесе қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірі және берілген күні, қолданылу мерзімі (қолданылуы басталатын және аяқталатын күндер көрсетіле отырып);

      құжат берген органның атауы;

      ЕАЭО СЭҚ ТН тауарлардың кодтары;

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған жағдайда);

      з) алдын ала ақпарат Одақтың кедендік шекарасында мүше мемлекеттің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қатысты шешім қабылдауын талап ететін кедендік операцияларды жасау үшін берілген жағдайда:

      алдын ала ақпарат берген тұлға туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      тауарды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер (көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес атауы және мекенжайы);

      кеменің атауы, типі, тіркеу нөмірі және (немесе) ИМО нөмірі, рейс нөмірі (болған жағдайда);

      көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі мен жасалған күні;

      тауарлар шығарылған ел, оларды жөнелту елі және олардың межелі елі;

      кемінде алғашқы 6 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың кодтары;

      түсіру портының коды;

      өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкісінің нөмірі, берілген күні және типографиялық нөмірі (мемлекеттік тіркелуге жататын өнімге қатысты);

      тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың және (немесе) өнімнің (тауарлардың) оларға сәйкес дайындалған құжаттардың талаптарына сай келетінін растайтын құжаттың нөмірі және күні (сапа сертификаты немесе қауіпсіздік (сапа) паспорты немесе сапа туралы куәлік немесе еркін сауда сертификаты (болған жағдайда);

      тауарлардың қолданылу мақсаты мен саласы туралы мәліметтер (болған жағдайда);

      тауарларды дайындаушының атауы мен мекенжайы;

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған жағдайда);

      и) алдын ала ақпарат Одақтың кедендік шекарасында мүше мемлекеттің ветеринария саласындағы уәкілетті органының ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарларға қатысты шешім қабылдауын талап ететін кедендік операцияларды жасау үшін берілген жағдайда:

      алдын ала ақпарат берген тұлға туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      кеменің атауы, типі, тіркеу нөмірі және (немесе) ИМО нөмірі, рейс нөмірі (болған жағдайда);

      көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі мен жасалған күні;

      кемінде алғашқы 6 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың кодтары;

      түсіру портының коды;

      тауарларды әкелуге немесе транзиттеуге арналған рұқсаттың нөмірі мен берілген күні, мүше мемлекеттің рұқсат берген ветеринария саласындағы уәкілетті органының атауы (егер мұндай рұқсат Ережеге сәйкес талап етілсе);

      ветеринариялық сертификаттың нөмірі мен берілген күні, экспорттаушы елдің сертификат берген құзыретті органының атауы (егер мұндай сертификат Ережеге сәйкес талап етілсе);

      тауарларды маркалау туралы мәліметтер;

      ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды айналымға шығарған кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы;

      ветеринариялық қолдануға арналған дәрілік препарат әкелінген жағдайда – осы препараттың тіркеу куәлігінен мәліметтер (сауда атауы, тіркеу куәлігінің нөмірі, мемлекеттік тіркелген күні, тіркеу куәлігі қолданысының мерзімі, өндірушінің атауы және мекенжайы);

      жануарларға арналған жемшөп қоспасы әкелінген жағдайда – осы қоспаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктен мәліметтер (жемшөп қоспасының атауы, есептік сериясы, тіркеу нөмірі, куәліктің қолданыс мерзімі, өндірушінің атауы және мекенжайы);

      гендік-инженерлік-түрлендірілген ағзалардан алынған жемшөп әкелінген жағдайда – осы жемшөптің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктен мәліметтер (жемшөптің атауы, есептік сериясы, тіркеу нөмірі, куәліктің қолданыс мерзімі, өндірушінің атауы және мекенжайы);

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған жағдайда);

      к) алдын ала ақпарат Одақтың кедендік шекарасында мүше мемлекеттің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органының карантинге жатқызылған өнімдерге қатысты шешім қабылдауын талап ететін кедендік операцияларды жасау үшін берілген жағдайда:

      алдын ала ақпарат берген тұлға туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы);

      тауарды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер (көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес атауы және мекенжайы);

      кеменің атауы, типі, тіркеу нөмірі және (немесе) ИМО нөмірі, рейс нөмірі (болған жағдайда);

      көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі мен жасалған күні;

      Одақтың кедендік аумағына тауарлар келетін жердегі кеден органының коды;

      фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім әкелінген жағдайда – экспорттаушы (кері экспорттаушы) елдің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы берген экспорттық (кері экспорттық) фитосанитариялық сертификаттың нөмірі, күні және оны берген ел;

      ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілер әкелінген жағдайда – карантиндік объектілерге арналған рұқсаттың нөмірі мен берілген күні, мүше мемлекеттің рұқсат берген өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органының атауы;

      тауарлардың атауы;

      кемінде алғашқы 4 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың кодтары;

      түсіру портының коды;

      тауарлардың нетто (брутто) салмағы (килограмм);

      тауарлардың шығарылған елі және орны;

      тауарлар тиелген орын және күн;

      тауарларды маркалау туралы мәліметтер;

      межелі кеден органының коды (болған жағдайда);

      тауарларды зарарсыздандыру туралы мәліметтер;

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған жағдайда).

      7. Осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын және осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтымайтын алдын ала ақпарат мынадай сәйкестендіргіштердің кемінде біреуін қамтуға тиіс:

      а) осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес осындай тауарларға қатысты ұсынылған алдын ала ақпаратты тіркеу нөмірі;

      б) кемені тіркеу нөмірі және (немесе) ИМО нөмірі, рейс нөмірі, көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ тауарлар орналастырылатын контейнердің нөмірі (контейнермен тасымалдау жүзеге асырылған жағдайда).

      8. Егер мүше мемлекеттің кеден органы Одақтың кедендік аумағында тауарлардың келу орны орналасқан аумақта Кодекстің 114-бабына сәйкес айқындалған кедендік декларациялау ерекшеліктеріне сәйкес берілген электрондық құжат түрінде кедендік декларацияны тіркесе, алдын ала ақпарат осындай декларацияның тіркеу нөмірін және осы Тәртіптің 5-тармағында және (немесе) 6-тармағында көзделген мәліметтерді (егер олар кедендік декларацияда болмаған жағдайда) қамтиды.

      Алдын ала кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтер алдын ала ақпаратты қалыптастыру кезінде қайтадан ұсынылмайды.

      9. Осы Тәртіптің 5-тармағына және 6-тармағының бір немесе бірнеше тармақшаларына сәйкес алдын ала ақпарат бір тұлға берген жағдайда мәліметтер қайталанбайды.

      10. Алдын ала ақпарат мынадай жағдайларда:

      а) кеме портқа мәжбүрлі түрде кіргенде;

      б) кеме тауарларды түсірусіз (босатусыз) портқа, оның ішінде тиеу үшін балластқа (бортқа жүксіз) жоспарлы түрде кіргенде;

      в) кеме жолаушыларсыз және жүктерсіз кіргенде;

      г) кеме жүктерді және (немесе) жолаушыларды Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің порттарына кірмей, соның ішінде аумақтық сулар шегінен тысқары жерге шығумен ұштасқан, айрықша экономикалық аймаққа кіре отырып және аумақтық суларға қайта орала отырып мүше мемлекеттердің порттары арасында тасымалдағанда;

      д) кеме жүктерді және (немесе) жолаушыларды мүше мемлекеттердің аумақтарынан тысқары жердегі жасанды аралдар, құрылыстар, қондырғылар мен мүше мемлекеттердің айрықша юрисдикциясы бар өзге де объектілер және осындай объектілерге қатысты айрықша юрисдикциясы бар мүше мемлекеттердің аумақтары арасында тасымалдағанда берілмеуі мүмкін.

      11. Егер алдын ала ақпарат тіркелгеннен кейін осындай ақпаратты берген тұлға ондағы мәліметтер мен көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтер арасында сәйкессіздікті анықтаған жағдайда мұндай тұлға Одақтың кедендік аумағына тауарлар келгенге дейін алдын ала ақпаратты (алдын ала алынған ақпараттың бұрын алынған тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді көрсете отырып) қайтадан беруге міндетті.

      12. Тасымалдаушы не оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген мәліметтерді және осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді бір хабармен ұсынады.

      13. Осы Тәртіптің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың қалауы бойынша алдын ала ақпарат электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.

      14. Электрондық құжат түріндегі алдын ала ақпарат кеден органына ақпарат берілетін мүше мемлекеттің электрондық түрде ақпаратты құжаттау инфрақұрылымының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      15. Мүше мемлекеттің кеден органы берілген алдын ала ақпаратты Кодекстің 11-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады