Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 62 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 15-бабы 15-тармағының 9-тармақшасына, 17 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру тәртібі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 жылғы 1 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала хабардар етуді енгізу туралы" № 158 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім 2018 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 24 сәуірдегі
№ 62 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру
ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың (бұдан әрі тиісінше – Одақ, алдын ала ақпарат) құрамын, мұндай ақпаратты беруге міндетті немесе құқылы адамдарды, оны беру мерзімдерін, сондай-ақ алдын ала ақпаратты бермеуге болатын жағдайларды айқындайды.

      2. Тауарларды әкелуді жүзеге асыратын тасымалдаушы алдын ала ақпаратты осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген мәліметтердің көлемінде ұсынуға міндетті. Тасымалдаушының атынан алдын ала ақпаратты оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам ұсынуы мүмкін.

      3. Осы Тәртіптің 6-тармағының "а" – "в" тармақшаларында көзделген мәліметтер көлеміндегі алдын ала ақпаратты тасымалдаушы немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам ұсынуға құқылы.

      Осы Тәртіптің 6-тармағының "г" – "к" тармақшаларында көзделген мәліметтер көлеміндегі алдын ала ақпаратты ұсынуға Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 82-бабының 4-тармағында және 83-бабында көрсетілген адамдар құқылы.

      Кодекстің 11-бабының 3-тармағының екінші абзацына сәйкес кеден органдары осы Тәртіптің 6-тармағында айқындалған құрамдағы алдын ала ақпаратты ұсынуды осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген адамдардан талап етуге құқылы емес.

      4. Алдын ала ақпарат Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін 2 сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

      Егер әуе кемесі орындайтын ұшудың ұзақтығы 2 сағат 30 минуттан аз уақытты құраған жағдайда, алдын ала ақпаратты осы Тәртіптің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдар әуе кемесі ұшып шығу әуежайынан әуе кемесінің келу әуежайына Одақтың кедендік аумағына нақты ұшып шыққаннан кейінгі 30 минуттан кешіктірмей ұсынады.

      5. Кодекстің 11-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мақсаттарда ұсынылатын алдын ала ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды:

      а) алдын ала ақпаратты ұсынған адам туралы мәліметтер (мұндай ақпаратты тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам ұсынған жағдайда) (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мекенжайы);

      б) заңды тұлғаның кеден өкілдері тізіліміне енгізілгенін растайтын құжаттың нөмірі (алдын ала ақпаратты кеден өкілі ұсынған жағдайда);

      в) тауарларды тасымалдаушы туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мекенжайы);

      г) әуе кемесі туралы мәліметтер:

      пайдаланушының толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы және оның мекенжайы;

      қай ұлтқа жататынының белгілері және тіркеу белгілері;

      жөнелтілетін рейстің нөмірі;

      Одақтың кедендік аумағындағы келу әуежайына ұшудың нақты күні және уақыты (болған кезде);

      жоспарланатын (есептелген) келу уақыты;

      ұшу маршруты (ұшу, келу, аралық қону (болған кезде) әуежайларының кодтары);

      д) Одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған және (немесе) шектелген тауарлардың, құрамында есірткі, күшті әсер ететін заттар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің әуе кемесінің бортында болуы (болмауы) (мұндай ақпарат болған кезде);

      е) көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарлар туралы мәліметтер (әрбір құжат бойынша):

      көліктік (тасымалдау) құжатының нөмірі және жасалған күні;

      тауарлардың атаулары;

      тауарларды тиеу және түсіру әуежайларының кодтары;

      тауарларды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер (атаулары мен мекенжайлары);

      орындар саны;

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес кемінде алғашқы 6 белгі деңгейіндегі тауарлардың кодтары (болған кезде);

      тауарлардың брутто салмағы (килограмм);

      тауарлардың нетто салмағы (килограмм) (болған кезде);

      тауарлардың көлемі (текше метр) (болған кезде).

      6. Кодекстің 11-бабының 2-тармағының 2-тармақшасында көзделген мақсатта ұсынылған алдын ала ақпаратта жасалуын жеделдету үшін осындай ақпарат ұсынылатын кедендік операциялар туралы мәліметтер, сондай-ақ мынадай мәліметтер қамтылады:

      а) Кодекстің 88-бабына сәйкес тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келгені туралы хабарламамен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін алдын ала ақпарат ұсынылған жағдайда:

      әуе кемесінің экипаж мүшелерінің саны мен құрамы;

      әуе кемесіндегі жолаушылардың саны, тегі және аты-жөні;

      әуе кемесіндегі немесе одан түсірілетін борт керек-жарақтары туралы (әуе кемесі ұшып шығу әуежайынан ұшып шыққан кездегі);

      әуе кемесінің бортында халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы);

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған кезде);

      Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар туралы мәліметтер (болған кезде):

      тауарларды әкелуге немесе транзитіне рұқсаттың нөмірі және берілген күні, Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) рұқсат берген ветеринария саласындағы уәкілетті органының атауы (егер мұндай рұқсат Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 шілдедегі № 317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес талап етілген жағдайда);

      ветеринариялық сертификаттың нөмірі және берілген күні, экспорттаушы елдің сертификатты берген құзыретті органының атауы (егер Ережеге сәйкес мұндай сертификат талап етілген жағдайда);

      экспорттаушы (кері экспорттаушы) елдің жоғары фитосанитариялық қатердегі карантинге жатқызылған өнімге қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы берген экспорттық (кері экспорттық) фитосанитариялық сертификаттың нөмірі, берілген күні және берген ел;

      оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша) белгіленген тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты лицензияның немесе қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірі және берілген күні, жарамдылық мерзімі (қолданылуының басталған және аяқталған күндері көрсетіле отырып), құжатты берген органның атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес тауарлардың кодтары;

      өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкісінің нөмірі, берілген күні және типографиялық нөмірі (мемлекеттік тіркеуге жатқызылатын өнімге қатысты);

      тауардың шығу тегі және (немесе) өнімнің (тауарлардың) оған сәйкес дайындалған құжаттардың (сапа сертификатының немесе қауіпсіздік (сапа) паспортының немесе сапа туралы куәліктің немесе еркін сауда сертификатының) талаптарына сай екенін растайтын сертификаттың нөмірлері және берілген күндері;

      б) алдын ала ақпарат Кодекстің 278-бабына сәйкес халықаралық тасымалдаудың көлік құралына декларация ретінде ұсынылған жағдайда:

      осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген мәліметтер;

      халықаралық тасымалдаудың көлік құралын әкелу мақсаты;

      халықаралық тасымалдаудың көлік құралын жөндеу және (немесе) пайдалану үшін өткізілетін қосалқы бөлшектердің және (немесе) жабдықтардың атаулары;

      в) алдын ала ақпарат халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын және адамдарды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру бөлігінде Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растау үшін ұсынылған жағдайда:

      соңғы дезинсекция (немесе басқа санитариялық өңдеу) жүргізілген күні және препараттың атауы;

      рейс кезінде анықталған, сырқаттану жағдайларының немесе инфекциялық аурулары бар деп күдік келтірілген адамдардың болуы (болмауы) туралы мәліметтер (болған кезде);

      г) алдын ала ақпарат мүше мемлекеттің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қатысты шешім қабылдауын талап ететін кедендік операцияларды Одақтың кедендік шекарасында жасау үшін ұсынылған жағдайда:

      алдын ала ақпаратты ұсынған адам туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мекенжайы);

      тауарларды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер (көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес атаулары мен мекенжайлары);

      тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келу орны (Одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пунктінің коды);

      әуе кемесінің қай ұлтқа жататынының белгілері және тіркеу белгілері (болған кезде);

      көліктік (тасымалдау) құжатының нөмірі және жасалған күні;

      тауарлар шығарылған ел, жөнелтілген ел және межелі ел (болған кезде);

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес кемінде алғашқы 6 белгі деңгейіндегі тауарлардың кодтары;

      өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкісінің нөмірі, берілген күні және типографиялық нөмірі (мемлекеттік тіркеуге жатқызылатын өнімге қатысты);

      тауардың шығу тегі және (немесе) өнімнің (тауардың) оған сәйкес дайындалған құжаттардың (сапа сертификатының немесе қауіпсіздік (сапа) паспортының немесе сапа туралы куәліктің немесе еркін сауда сертификатының) талаптарына сай екенін растайтын сертификаттың нөмірлері және берілген күндері (болған кезде);

      тауарларды тағайындалуы және қолданылу салалары туралы мәліметтер (болған кезде);

      тауарларды дайындаушының атауы және мекенжайы;

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған кезде);

      д) алдын ала ақпарат тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау үшін, оның ішінде транзиттік декларация ретінде пайдалану үшін ұсынылған жағдайда – Кодекстің 107-бабында көзделген мәліметтер;

      е) алдын ала ақпарат Кодекстің 100-бабына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау үшін ұсынылған жағдайда:

      алдын ала ақпаратты ұсынған адам туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мекенжайы);

      тауарларды жоспарланатын уақытша сақтау орны (заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгенін растайтын құжаттың немесе өзге орында уақытша сақтауға рұқсаттың атауы, нөмірі және берілген күні);

      тауарларды уақытша сақтауға орналастырудың жоспарланатын күні;

      тауарларды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер (заңды тұлғалардың, заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мекенжайлары);

      көліктік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттардың нөмірлері және жасалған (берілген) күні (болған кезде);

      жүк орындарының саны;

      көліктік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарлардың атаулары;

      тауарлардың брутто салмағы (килограмм) не көлемі (текше метр);

      тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны (болған кезде);

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес кемінде алғашқы 6 белгі деңгейіндегі тауарлардың кодтары (болған кезде);

      көліктік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарлардың құны (болған кезде);

      тауарларды уақытша сақтаудың ерекше шарттарын қамтамасыз етудің қажеттілігі (қажеттіліктің болмауы);

      ж) алдын ала ақпарат экспресс-жүктерді кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін ұсынылған жағдайда – Кодекстің 105-бабының 6-тармағына және 106-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мәліметтер;

      з) алдын ала ақпарат тасымалдаушы экспресс-жүк ретінде жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналдыру мақсатында кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін ұсынылған жағдайда – Кодекстің 260-бабының 3-тармағының екінші абзацына сәйкес айқындалған мәліметтер;

      и) алдын ала ақпарат мүше мемлекеттің уәкілетті органының ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қатысты шешім қабылдауын талап ететін кедендік операцияларды Одақтың кедендік шекарасында жасау үшін ұсынылған жағдайда:

      алдын ала ақпаратты ұсынған адам туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мекенжайы);

      тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келу орны (Одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пунктінің коды);

      көліктік (тасымалдау) құжатының нөмірі және жасалған күні;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес кемінде алғашқы 6 белгі деңгейіндегі тауарлардың кодтары;

      тауарларды әкелуге немесе транзитіне рұқсаттың нөмірі және берілген күні, мүше мемлекеттің рұқсат берген ветеринария саласындағы уәкілетті органының атауы (егер Ережеге сәйкес мұндай рұқсат талап етілген жағдайда);

      ветеринариялық сертификаттың нөмірі және берілген күні, экспорттаушы елдің сертификатты берген құзыретті органының атауы, (егер Ережеге сәйкес мұндай сертификат талап етілген жағдайда);

      тауарларды таңбалау туралы мәліметтер;

      ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды айналымға шығарған кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы;

      ветеринариялық қолдануға арналған дәрілік препарат әкелінген жағдайда – аталған препараттың тіркеу куәлігінен мәліметтер (дәрілік препараттың саудалық атауы, тіркеу куәлігінің нөмірі, мемлекеттік тіркеу күні, тіркеу куәлік қолданылу мерзімі, өндірушінің атауы және мекенжайы);

      жануарларға арналған азықтық қоспалар әкелінген жағдайда – аталған қоспаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктен мәліметтер (азықтық қоспа атауы, есептік сериясы, тіркеу нөмірі, тіркеу күні, куәліктің қолданылу мерзімі, өндірушінің атауы және мекенжайы);

      гендік-инженерлік-модификацияланған организмдерден алынған азық әкелінген жағдайда – аталған азықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктен мәліметтер (азықтың атауы, есептік сериясы, тіркеу нөмірі, тіркеу күні, куәліктің қолданылу мерзімі, өндірушінің атауы және мекенжайы);

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған кезде);

      к) алдын ала ақпарат мүше мемлекеттің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы карантинге жатқызылған өнімге қатысты шешім қабылдауын талап ететін кедендік операцияларды Одақтың кедендік шекарасында жасау үшін ұсынылған жағдайда:

      алдын ала ақпаратты ұсынған адам туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мекенжайы);

      тауарларды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер (көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес атаулары және мекенжайлары);

      көліктік (тасымалдау) құжатының нөмірі және жасалған күні;

      тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органының коды;

      жоғары фитосанитариялық қатердегі карантинге жатқызылған өнім әкелінген жағдайда – экспорттаушы (кері экспорттаушы) елдің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы берген экспорттық (кері экспорттық) фитосанитариялық сертификаттың нөмірі, берілген күні және берген ел;

      ғылыми-зерттеу мақсатындағы карантиндік объектілер әкелінген жағдайда – карантиндік объектілерді әкелуге рұқсаттың нөмірі және берілген күні, мүше мемлекеттің рұқсатты берген, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органының атауы;

      тауарлардың атаулары;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес кемінде алғашқы 4 белгі деңгейіндегі тауарлардың кодтары;

      тауарлардың нетто (брутто) салмағы (килограмм);

      тауарлардың шығарылған елі және шығарылған жері;

      тауарлардың тиелген жері және күні;

      тауарларды таңбалау туралы мәліметтер;

      межелі кеден органының коды (болған кезде);

      тауарларды зарарсыздандыру туралы мәліметтер;

      контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері (болған кезде).

      7. Осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын және осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтымайтын алдын ала ақпаратта мына сәйкестендіргіштердің кемінде біреуі қамтылуға тиіс:

      а) осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес осындай тауарларға қатысты ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі:

      б) рейс нөмірі, көліктік (тасымалдау) құжатының нөмірі және жасалған күні, сондай-ақ тауарлар өткізілетін контейнердің нөмірі (контейнерлік тасымалдау жүзеге асырылған жағдайда).

      8. Егер аумағында Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келу орны орналасқан мүше мемлекеттің кеден органы Кодекстің 114-бабында айқындалған кедендік декларациялау ерекшеліктеріне сәйкес берілген электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияны тіркеген жағдайда, алдын ала ақпаратта мұндай декларацияның тіркеу нөмірі және осы Тәртіптің 5-тармағында және (немесе) 6-тармағында көзделген мәліметтер қамтылады (олар кедендік декларацияда болмаған жағдайда).

      Алдын ала кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтер алдын ала ақпаратты қалыптастыру кезінде қайта ұсынылмайды.

      9. Алдын ала ақпаратты осы Тәртіптің 5-тармағына және 6-тармағының бір немесе бірнеше тармақшаларына сәйкес нақ бір адам ұсынған жағдайда мәліметтер қайталанбайды.

      10. Алдын ала ақпарат мынадай жағдайларда:

      а) әуе кемесі мәжбүрлі түрде қонғанда;

      б) әуе кемесі тауарлар азайтылмастан (түсірілместен) аралық немесе техникалық жағдайда қонғанда;

      в) әуе кемесінің бортында тауарлар болмағанда;

      г) борттық керек-жарақтарды әкелгенде ұсынылмауы мүмкін.

      11. Егер алдын ала ақпаратты тіркегеннен кейін мұндай ақпаратты ұсынған адам онда қамтылған мәліметтер мен көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтер арасындағы сәйкессіздікті анықтаған жағдайда, мұндай адам алдын ала ақпаратты тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін қайталап ұсынуға міндетті (алдын ала ақпараттың бұрын алынған тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді көрсете отырып).

      12. Тасымалдаушы немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген мәліметтерді және осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді бір хабарламамен ұсынады.

      13. Алдын ала ақпарат осы Тәртіптің 5-тармағының "е" тармақшасында көрсетілген көліктік (тасымалдау) құжаттар ретінде экспресс-жүктерге қатысты ұсынылған жағдайда Әуе жүкқұжатын толтыру жөніндегі стандарттарға сәйкес толтырылған жалпы жүкқұжат қолданылады (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының 600а Қарарына A және B қосымшалары).

      Кодекстің 100-бабына сәйкес жалпы жүкқұжат бойынша өткізілетін экспресс-жүктерді уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мұндай жүктерді сәйкестендіру үшін мәліметтер жеткілікті болған жағдайда экспресс-жүктерді тасымалдауға арналған тиеп жөнелту ерекшеліктерінің негізінде тауарлардың атаулары көрсетіледі. ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес тауарлардың кодтары туралы және олардың құны туралы мәліметтер, егер мұндай мәліметтерді ұсыну тауарларды уақытша сақтауға орналастыру кезінде кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайда көрсетіледі.

      14. Осы Тәртіптің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдардың қалауы бойынша алдын ала ақпарат электрондық құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.

      15. Электрондық құжат түріндегі алдын ала ақпарат мүше мемлекеттің электрондық түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы талаптарына сәйкес келуге тиіс, ол мүше мемлекеттің кеден органдарына ұсынылады.

      16. Мүше мемлекеттің кеден органы ұсынылған алдын ала ақпаратты Кодекстің 11-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады