2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мынадай:
а) гендік-модификацияланған организмдер қолданыла отырып алынған тамақ өнімін таңбалау бөлігіндегі Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Тамақ өнімі оны таңбалау бөлігінде" техникалық регламентінде (КО ТР 022/2011) белгіленген міндетті талаптарға сәйкес оны Кеден одағының "Тамақ өнімі оны таңбалау бөлігінде" техникалық регламентіне (КО ТР 022/2011) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 90 шешімімен енгізілген өзгерістер күшіне енген күннен бастап 18 ай ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген өнімнің айналысына оны жасаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |