Оған қатысты кедендік декларация беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты немесе осындай құжат туралы мәліметтерді берумен қатар жүретін өнімдердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 75 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленген өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Оған қатысты кедендік декларация беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты немесе осындай құжат туралы мәліметтерді берумен қатар жүретін өнімдердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 75 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Оған қатысты кедендік декларация беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты немесе осындай құжат туралы мәліметтерді берумен қатар жүретін өнімдердің
ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестікті бағалау туралы құжат немесе осындай құжат туралы мәліметтер

Ескертпе

1

2

3

4





1. Асханалық табиғи минералды су

2201 10-нан

сәйкестік туралы декларация


2. Емдік-асханалық табиғи минералды су

2201 10-нан
 

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы*)

жеткілікті болып табылады және сәйкестік туралы декларация тапсыру талап етілмейді

3. Емдік табиғи минералды су

2201 10-нан

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы*)

жеткілікті болып табылады және сәйкестік туралы декларация тапсыру талап етілмейді

4. Купаждалған ауызсу

2201 90 000 0-ден

сәйкестік туралы декларация


5. Өңделген ауызсу

2201 90 000 0-ден

сәйкестік туралы декларация


6. Табиғи ауызсу

2201 90 000 0-ден

сәйкестік туралы декларация


7. Балалар тағамына арналған ауызсу

2201 90 000 0-ден

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы*)

жеткілікті болып табылады және сәйкестік туралы декларация тапсыру талап етілмейді

8. Жасанды минералдандырылған ауызсу

2201 10 900 0-ден

сәйкестік туралы декларация


      _______________________

      * мамандандырылған тамақ өнімнің бірыңғай тізілімін жүргізуге қатысты бөлікте Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілген күннен бастап.

Ескертпе:

1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да және ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.
2. Кеден органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты немесе осындай құжат туралы мәліметтерді беру туралы талап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына айналымға шығарылатын қапталған ауызсуға (табиғи минералды суды қоса алғанда) қатысты қолданылады (осы тізбенің 4-бағанында келтірілген ескертпелер ескеріліп) және ішуге арналмаған табиғи минералды суға, төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қолданатын ауызсуға, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау арқылы халықты қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ауызсуға қатысты қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады