Аэрозольдік баллондар өндірісіне арналған алюминий ыдысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 92 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Толықтырғышы және себетін құрылғысы жоқ цилиндр түріндегі резервуарды білдіретін, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді орауға арналған аэрозольдік баллондарды шығару кезінде пайдаланылатын алюминий ыдыс Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7612 90 200 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады