Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Құрамында қосымша заттар қосыла отырып өсімдік шикізатының қоспасынан жасалған сығындысы бар, иленетін заттың және куркуминнің көзі ретінде тағамға қосылатын белсенді биологиялық қоспа ретінде қолданылатын аралас препарат Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |