Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 045/2017) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 шілдедегі № 118 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 045/2017) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 24 шілдедегі
№ 118 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 045/2017) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі

Р/с

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің құрылымдық элементі немесе техникалық реттеу объектісі

Стандарттың, зерттеу (сынау) және өлшеу әдісінің белгіленімі мен атауы

Ескертпе

1

2

3

4

1

VI бөлім қосымша, "Күкіртсутектің массалық үлесі" көрсеткіші

МЕМСТ 2517-2012 "Мұнай және мұнай өнімдері. Сынаманы іріктеп алу әдістері"


2

МЕМСТ 31873-2012 "Мұнай және мұнай өнімдері. Сынаманы қолмен іріктеп алу әдістері"


3

СТБ ИСО 3170-2004 "Сұйық мұнай өнімдері. Сынаманы қолмен іріктеп алу әдістері"

01.01.2025 дейін қолданылады

4

СТ РК ИСО 3170-2006 "Мұнай және мұнай өнімдері. Сынаманы қолмен іріктеп алу әдістері"

01.01.2025 дейін қолданылады

5

СТ РК ИСО 3171-2007 "Мұнай өнімдері. Сұйық көмірсутектер. Құбыржолдардан сынамаларды автоматты түрде алу"

01.01.2025 дейін қолданылады

6

МЕМСТ 32918-2014 "Мұнай. Күкіртсутекті, метил- және этилмеркаптантарды анықтау әдісі"


7

МЕМСТ 33690-2015 "Мұнай және мұнай өнімдері. Күкіртсутекті, метил- және этилмеркаптантарды газды хроматография әдісімен анықтау әдісі"


8

СТ РК 1473-2005 "Мұнай. Күкіртсутекті, метил- және этилмеркаптантарды анықтау әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

9

МЕМСТ Р 50802-95 "Мұнай. Күкіртсутекті, метил- және этилмеркаптантарды анықтау әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

10

қосымша, "Метил- және этилмеркаптандардың жиынтықтағы массалық үлесі" көрсеткіші

МЕМСТ 32918-2014 "Мұнай. Күкіртсутекті, метил- және этилмеркаптантарды анықтау әдісі"


11

МЕМСТ 33690-2015 "Мұнай және мұнай өнімдері. Күкіртсутекті, метил- және этилмеркаптантарды газды хроматография әдісімен анықтау әдісі"


12

СТ РК 1473-2005 "Мұнай. Күкіртсутекті, метил- және этилмеркаптантарды анықтау әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

13

МЕМСТ Р 50802-95 "Мұнай. Күкіртсутекті, метил- және этилмеркаптантарды анықтау әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

14

қосымша, "Судың массалық үлесі" көрсеткіші

МЕМСТ 2477-2014 "Мұнай және мұнай өнімдері. Құрамында судың болуын анықтау әдісі"


15

МЕМСТ 33700-2015 "Мұнай. Құрамында судың болуын дистилляция әдісімен анықтау әдісі"


16

МЕМСТ 33733-2016 "Шикі мұнай. Құрамында судың болуын Карл Фишер бойынша кулонометриялық титрлеу әдісімен анықтау"


17

СТ РК ИСО 10336-2004 "Шикі мұнай. Құрамында судың болуын анықтау. Карл Фишердің потенциометриялық титрлеу әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

18

СТ РК ИСО 10337-2004 "Шикі мұнай. Құрамында судың болуын анықтау. Карл Фишер әдісі кулонометриялық титрлеу"

01.01.2025 дейін қолданылады

19

СТ РК 1314-2004 "Шикі мұнай. Құрамында судың болуын анықтау. Дистилляция әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

20

қосымша, "Хлорлы тұздардың массалық концентрациясы" көрсеткіші

МЕМСТ 21534-76 "Мұнай. Хлорлы тұздардың болуын анықтау әдістері"


21

МЕМСТ 33703-2015 "Мұнай. Тұздарды электрометриялық әдіспен анықтау"


22

СТ РК 1693-2007 "Мұнай. Хлорлы тұздарды анықтаудың электрометриялық әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

23

қосымша, "Қаныққан булардың қысымы" көрсеткіші

МЕМСТ 8.601-2010 "Өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Мұнай мен мұнай өнімдерінің қаныққан буларының қысымы. Өлшеу әдістемесі"


24

МЕМСТ 1756-2000 "Мұнай өнімдері. Қаныққан булардың қысымын анықтау"


25

МЕМСТ 28781-90 "Мұнай және мұнай өнімдері. Қаныққан булардың қысымын механикалық диспергирлеу аппаратында анықтау әдісі"


26

МЕМСТ 31874-2012 "Шикі мұнай және мұнай өнімдері. Қаныққан булардың қысымын Рейд әдісімен анықтау"


27

МЕМСТ 33361-2015 "Мұнай. Қаныққан булардың қысымын кеңейту әдісімен анықтау"


28

СТ РК 1692-2007 "Мұнай. Булардың серпінділігін анықтау әдісі. Кеңейту әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

29

қосымша, "204 °С температураға дейін қайнайтын фракциялардағы органикалық хлоридтердің массалық үлесі" көрсеткіші

МЕМСТ 33342-2015 "Мұнай. Органикалық хлорды анықтау әдістері"


30

МЕМСТ Р 52247-2004 "Мұнай. Хлорорганикалық қосындыларды анықтау әдістері"

01.01.2025 дейін қолданылады

31

СТБ 1558-2005 "Шикі мұнай. Органикалық хлоридтердің болуын анықтау әдістері"

01.01.2025 дейін қолданылады

32

СТ РК АСТМ Д 4929-2011 "Шикі мұнайдағы органикалық хлоридтердің болуын анықтау үшін сынаулардың стандартты әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

33

СТ РК 1529-2006 "Мұнай. Хлорорганикалық қосындыларды анықтау әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады