Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 2 қазандағы "Кеден одағының "Жағар материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентін (КО ТР 030/2012) қолданысқа енгізу тәртібі туралы" № 180 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 125 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 2 қазандағы № 180 шешіміне енгізілетін өзгерістер
1. 1.1 және 1.2-тармақтардағы "стандарттар тізбесі" деген сөздер "Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда - ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Жағар материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 030/2012) сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесінің атауындағы "стандарттар" деген сөз "халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Жағар материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 030/2012) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесінде:
а) атауындағы "стандарттар" деген сөз "халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"
44 | 1-қосымша, "Құрамында метил спиртінің болуы" көрсеткіші | МемСТ 34425-2018 | Суытатын сұйықтықтар. Құрамында метил спиртінің болуын анықтау әдістемесі |
".