Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін шығарылған елі Беларусь Республикасы болып табылатын жаңа піскен қозықұйрық саңырауқұлақтарына қатысты уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізу бөлігінде орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ресей Федерациясына шығарылған елі Беларусь Республикасы болып табылатын жаңа піскен қозықұйрық саңырауқұлақтарына қатысты уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізген кезде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 2-тармағын және Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №12 қосымша) 25-тармағын орындау қажеттігі туралы хабарлансын.
2. Ресей Федерациясы Үкіметінен қабылданған шаралар туралы осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.
3. Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесінен:
өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық құқық талаптарына сәйкес келетін және белгіленген фитосанитариялық мәртебесі бар карантинге жатқызылған өнімнің түсуін қамтамасыз ететін фитосанитариялық сертификаттарды беруді және кейіннен пайдалануды бақылауды күшейту;
Беларусь Республикасының аумағына әкелінетін және өткізілетін өсімдік тектес өнімді, белгіленбеген фитосанитариялық мәртебесі бар өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тап келуін болғызбауды бақылау жүйесін ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау сұралсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |