Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына және 260-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының нысаны;
Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын толтыру тәртібі бекітілсін.
2. Мынадай:
а) осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлғаның атына, не осындай тауарларды жөнелтуші болып табылатын жеке тұлғадан экспресс-жүк ретінде тасымалдаушы (бұдан әрі – экспресс-тасымалдаушы) жеткізетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде, осындай тауарларды кедендік декларациялауды кеден өкілінің жүзеге асыруы шартымен, осы Шешімде бекітілген нысан бойынша экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы пайдаланылады;
б) экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы экспресс-тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың мынадай санаттарын:
қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын;
кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды;
этиль спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды;
жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын;
уақытша әкелу мақсатында өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылмайды;
в) егер осы тармақтың "а" тармақшасында көзделген шарт сақталмаса, жеке пайдалануға арналған тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлғаның атына, не осындай тауарларды жөнелтуші болып табылатын жеке тұлғадан экспресс-тасымалдаушы жеткізетін осындай тауарларды, сондай-ақ осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген тауарларды кедендік декларациялау кезінде Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 287 шешімімен бекітілген нысан бойынша кедендік жолаушылар декларациясы пайдаланылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы №158 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының НЫСАНЫ
Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы | |||||||||||||||||
Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша) | Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша) | A | ЭЖКЖД | Ерекшелік | |||||||||||||
Алдыңғы құжат | Парақтар саны | ||||||||||||||||
Жалпы мәліметтер | Тауарлар туралы мәліметтер | Құжаттар туралы мәліметтер | Ескертпе | ||||||||||||||
Р/с № | Жалпы жүкқұжат | Жеке жүкқұжат | Жеке жөнелтуші1 | Жеке алушы2 | Р/с № | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Саны | Салмағы брутто | Валюта, құны | Валюта, мүше мемлекет валютасы құны | Код, белгі | Күні, нөмірі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | ||||
1 | 1 | ||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||
Жеке жүкқұжат бойынша барлығы (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны) | |||||||||||||||||
2 | 3 | ||||||||||||||||
4 | |||||||||||||||||
Жеке жүкқұжат бойынша барлығы (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны) | |||||||||||||||||
… | … | ||||||||||||||||
… | |||||||||||||||||
Жеке жүкқұжат бойынша барлығы (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны) | |||||||||||||||||
500 | … | ||||||||||||||||
… | |||||||||||||||||
Жеке жүкқұжат бойынша барлығы (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны) | |||||||||||||||||
Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша барлығы (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны) |
ЭЖКЖД толтырған адам туралы мәліметтер, күні |
C |
D |
_____________
1 Декларант тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде.
2 Декларант тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы №158 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын толтыру ТӘРТІБІ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын (бұлан әрі – ЭЖКЖД) көрсетуге жататын мәліметтердің құрамын, сондай-ақ ЭЖКЖД-ны электрондық құжат түрінде және қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтыру қағидаларын айқындайды.
2. Бір ЭЖКЖД-да:
а) тасымалдаушы экспресс-жүк ретінде жеткізетін және бір немесе бірнеше жалпы жүкқұжат бойынша бір жөнелтушіден бір алушының атына өткізілетін;
б) 500-ден аспайтын жеке жүкқұжаттар бойынша өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі.
3. Электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын құрылымға сәйкес толтырылады.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылады.
4. ЭЖКЖД толтыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және қолдануға жататын, кеден мақсаттары үшін пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.
5. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін баған деп электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД құрылымының деректемесі немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД нысанының кіші бөлімдерді, колонкаларды (бағандарды), элементтерді қамтуы мүмкін құрылымдық бірлігі түсініледі. Осы Тәртіпке сәйкес бір бағанда бір белгі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.
6. Электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да ЭЖКЖД-ны автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтер қамтылуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді ақпараттық жүйе қалыптастырады. Көрсетілген мәліметтердің құрамы электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД құрылымында айқындалады.
Техникалық сипаттағы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-ның қағаз көшірмесін басып шығару кезінде көрінбейді.
7. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД А4 форматындағы қағаз парақтарда 2 данада жасалады, олардың біреуі ЭЖКЖД берілетін кеден органына, ал екіншісі – кеден өкіліне арналады. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында кедендік декларациялау кезінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД А4 форматындағы қағаз парақтарда 3 данада жасалады, олардың біреуі Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету орнында орналасқан кеден органының өкіліне ұсынылады.
8. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД бағандары дәйектілікпен толтырылады.
"Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)", "Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)", "А", "ЭЖКЖД", "Ерекшелік", "Алдыңғы құжат" және "Саны" деген бағандар қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-ның бірінші парағына орналастырылады.
Егер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-ны толтыру кезінде "Жалпы мәліметтер", "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер", "Ескертпе" деген бағандардағы, "Жеке жүкқұжат бойынша барлығы (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" және "Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша барлығы (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" деген жолдардағы мәліметтерді көрсету үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-ның ажырамас бөлігі болып табылатын А4 форматындағы қағаздың екінші және келесі парақтарында көрсетіледі.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД екінші және келесі парақтарын толтыру кезінде:
барлық парақтар (біріншіден басқа) нөмірленуге тиіс (нөмір парақтың жоғарғы ақ шетінің ортасына қойылады);
әрбір парақтың төменгі оң жақ бұрышына ЭЖКЖД толтырған адам қол қояды, және ол, егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кеден өкілінде мөр болуға тиіс болса, кеден өкілінің мөрін басу жолымен куәландырылады.
"ЭЖКЖД толтырған адам туралы мәліметтер, күні", "С" және "D" бағандары қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-ның соңғы парағының сыртқы жағына орналастырылады.
9. "A", "C" және "D" бағандарын кеден органы толтырады.
"А" бағанында мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қалыптастырылған ЭЖКЖД-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
"С" бағанында жеке пайдалануға арналған тауарлардың шығарылуы немесе мұндай тауарларды шығарудан бас тарту туралы мәліметтер көрсетіліп, белгілер қойылады.
"D" бағанында мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер көрсетіледі (өзге белгілер қойылады).
10. Егер бір жеке жүкқұжат бойынша екі немесе одан да көп тауарлар өткізілсе, олар туралы мәліметтер жолма-жол көрсетіледі. Бұл ретте ЭЖКЖД-ның "Жалпы мәліметтер" деген бағанының 2 – 5-колонкалары (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелері) жеке жүкқұжат бойынша өткізілетін бірінші тауарға қатысты мәліметтерді көрсету жолымен бір рет толтырылады.
11. ЭЖКЖД басу құрылғылары пайдаланыла отырып, кіші әріптермен толтырылады.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД түсінікті түрде басылады және онда өшіріп тазартулар, шимайлар және түзетулер болмауға тиіс.
Егер шетелдік тұлғалардың атауларында, тауарлық белгілерінде, маркаларында, модельдерінде, артикулдерінде, сұрыптарында, стандарттарында және т.б. құжаттарға сәйкес латын әліпбиінің әріптері пайдаланылса, ЭЖКЖД-да мұндай мәліметтер латын әліпбиінің әріптері пайдаланыла отырып көрсетіледі.
12. Тұлғаның орналасқан жері, тұрғылықты жері, тұратын (болатын) жері немесе жеке пайдалануға арналған тауарларды жеткізу (жөнелту) мекенжайы туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД-ның тиісті бағандарында үтір арқылы көрсетіледі және мыналарды:
а) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің кодын;
б) әкімшілік-аумақтық бірлікті (өңір, облыс, аудан және т.б.) (Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын жері бар және дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға туралы мәліметтерді көрсету кезінде – Қырғыз Республикасы үшін әкімшілік-аумақтық және аумақтық бірліктер объектілерін белгілеу жүйесінің мемлекеттік сыныптауышына сәйкес (ЕК СОАТЕ) әкімшілік-аумақтық бірліктің кодын);
в) елді мекенді;
г) көшені (бульвар, даңғыл және т.б.);
д) үйдің нөмірін;
е) корпустың (құрылыстың) нөмірін;
ж) пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірін қамтиды.
13. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД-ның тиісті бағандарында үтір арқылы көрсетіледі және мыналарды:
а) уәкілетті органы жеке басты куәландыратын құжатты берген елдің әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес кодын;
б) құжаттың атауын немесе жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың кодын;
в) құжаттың сериясын (бар болған жағдайда) және нөмірін (ашық жер арқылы);
г) құжаттың кк.аа.жжжж форматындағы (күн, ай, күнтізбелік жыл) берілген күнін қамтиды.
14. Тұлғаның салықтық нөмірі деп мыналар түсініледі:
а) Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);
б) Беларусь Республикасында – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН);
в) Қазақстан Республикасында – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – ұйымдар (филиал мен өкілдіктер) және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін, не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін;
г) Қырғыз Республикасында – салық төлеушінің салықтық сәйкестендіру нөмірі (ССН) – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер үшін не дербес сәйкестендіру нөмірі (ДСН) – Қырғыз Республикасының аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға үшін;
д) Ресей Федерациясында – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), ал заңды тұлға үшін – сондай-ақ есепке қою себебінің коды (ЕСК) (заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі үшін оқшауланған бөлімшенің тұрған орны бойынша берілетін ЕСК қойылады). Есепке қою себебінің коды (ЕСК) электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – бөлу белгісі "/" арқылы көрсетіледі.
15. Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша), алушы (жалпы жүкқұжат бойынша) және кеден өкілі туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД-ның тиісті бағандарында жеке жолдармен көрсетіледі және мыналарды:
а) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға (ұйым) үшін:
қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауын;
салықтық нөмірін (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес);
байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес);
б) шетелдік ұйым үшін:
қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауын;
орналасқан жерін (осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес);
байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес);
в) заңды тұлға болып табылмайтын және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның (ұйымның) атынан әрекет ететін оқшауланған бөлімше үшін:
оқшауланған бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның (ұйымның) қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауын;
оқшауланған бөлімшенің қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауын;
оқшауланған бөлімшенің орналасқан жерін (осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес);
оқшауланған бөлімшенің салықтық нөмірін (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес);
оқшауланған бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның (ұйымның) салықтық нөмірін (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес);
байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес);
г) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкер үшін:
тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
салықтық нөмірін (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес);
байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес) қамтиды.
16. Жеке алушы және жеке жөнелтуші туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД-ның тиісті бағандарында жеке жолдармен көрсетіледі және мыналарды:
жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес), сондай-ақ бар болған жағдайда:
Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірін;
Беларусь Республикасында – сәйкестендіру нөмірін;
Қазақстан Республикасында – жеке сәйкестендіру нөмірін;
Қырғыз Республикасында – дербес сәйкестендіру нөмірін;
Ресей Федерациясында – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
тұлғаның тұратын (келген) жерін немесе жеке жүкқұжатқа сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды жеткізу (жөнелту) мекенжайын (осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес) қамтиды.
17. Тұлғаның байланысу деректемелері туралы мәліметтер:
байланысу түрінің атауын (телефон, факс, электрондық пошта және т.б.);
байланыс арнасының сәйкестендіргішін (телефон, факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы және т.б.) қамтиды.
Тұлғаның байланысу деректемелері туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД-ның тиісті бағанында байланыс түрінің атауы және ашық жер арқылы байланыс арнасының сәйкестендіргіші көрсетіледі. Бұл ретте әрбір байланысу деректемесі туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да үтір арқылы көрсетіледі.
18. ЭЖКЖД жеке пайдалануға арналған тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін немесе, егер мұндай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 114-бабында белгіленген тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданса (бұдан әрі – алдын ала кедендік декларациялау), олар жөнелтушінің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгенге дейін беріледі.
ІІ. ЭЖКЖД-ны кеден өкілінің толтыруы
19. "Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)" деген бағанда осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес көлік (тасымалдау) құжаттарында (жалпы жүкқұжатта) жөнелтуші ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.
20. "Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)" деген бағанда осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес тауарларды тасымалдау соларға сәйкес аяқталған (аяқталатын) көлік (тасымалдау) құжаттарында (жалпы жүкқұжатта) тауарларды алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.
21. "ЭЖКЖД" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.
Бағанның сол жақтағы кіші бөлімінде (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде "ИМ" деген аббревиатура не пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде "ЭК" деген аббревиатура көрсетіледі.
Электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-ны толтыру кезінде "ЭЖКЖД" бағанының оң жақтағы кіші бөліміне сәйкес келетін ЭЖКЖД құрылымының деректемесінде "ЭД" деген аббревиатура көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД толтыру кезінде бағанның оң жақтағы кіші бөлімі толтырылмайды.
22. "Ерекшелік" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.
Алдын ала кедендік декларациялау кезінде тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің коды көрсетіледі. Өзге жағдайларда баған толтырылмайды.
23. "Алдыңғы құжат" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.
Бағанда құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың коды және егер тауарлар ЭЖКЖД берілгенге дейін кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда, оның ішінде, егер транзиттік декларация ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылған жағдайда – транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Бағанда құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алдын ала ақпараттың коды және егер тауарлар бұрын кедендік рәсімге, оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмаған жағдайда – ЭЖКЖД-да мәлімделген тауарларға қатысты ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – сызықша "–" белгісі арқылы көрсетуге жатады.
24. "Парақтардың саны" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.
Электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-ны толтыру кезінде баған толтырылмайды. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-ны толтыру кезінде бағанда ЭЖКЖД парақтарының жалпы саны көрсетіледі.
25. "Жалпы мәліметтер" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.
1-колонкада (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжаттың реттік нөмірі көрсетіледі.
2 және 3-колонкаларда (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде) тиісінше жалпы жүкқұжаттың нөмірі және жеке жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
4 және 5-колонкаларда (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде) тиісінше жеке жүкқұжатқа сәйкес жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер көрсетіледі (осы Тәртіптің 16-тармағына сәйкес).
Егер тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тауарларды жөнелтуші ұйым болып табылса, ол туралы мәліметтер осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес көрсетіледі.
Егер тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде тауарларды алушы ұйым болып табылса, ол туралы мәліметтер осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес көрсетіледі.
26. "Тауарлар туралы мәліметтер" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.
6-колонкада (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемесінде) тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.
7-колонкада (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемесінде) тауардың атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге де дәстүрлі атау) көрсетіледі.
8-колонкада (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемесінде) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды кемінде алғашқы 6 белгі деңгейінде көрсетіледі.
9-колонкада (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемесінде) тауарлардың саны көрсетіледі.
10-колонкада (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжат бойынша тауарлардың жалпы брутто массасы (кг) көрсетіледі.
11-колонкада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да бөлу "/" белгісі арқылы, электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде валюталар сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік коды және коммерциялық құжаттарға сәйкес цифрлармен тауардың құны көрсетіледі. Тауар құнының мәні үтірден кейін 2 белгіге дейінгі дәлдікпен математикалық қағидалар бойынша дөңгелектенеді.
12-колонкада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да бөлу "/" белгісі арқылы, электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде валюталар сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік коды және ЭЖКЖД тіркелген күні мүше мемлекеттің валютасына ауыстырылған тауардың құны цифрлармен көрсетіледі. Мүше мемлекеттің валютасындағы тауарлар құнының мәні үтірден кейін 2 белгіге дейінгі дәлдікпен, ал Армения Республикасында – бүтін шамаға дейінгі дәлдікпен математикалық қағидалар бойынша дөңгелектенеді.
27. "Құжаттар туралы мәліметтер" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.
Бағанда тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл ретте құжаттар туралы мәліметтер бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 80-бабы 2-тармағының негізінде құжаттың іс жүзінде ЭЖКЖД-мен бірге ұсынылатынына немесе ұсынылмайтынына қарамастан көрсетуге жатады.
Бағанда, егер мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес өзге де құжаттар туралы мәліметтерді көрсету қажеттігі белгіленсе, ондай құжаттар туралы мәліметтер қосымша көрсетіледі.
13-колонкада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да бөлу "/" белгісі арқылы, электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың коды және ЭЖКЖД беру кезінде құжаттың ұсынылғанын не ұсынылмағанын растайтын белгі көрсетіледі:
"0" – ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжат ұсынылмады;
"1" – ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжат ұсынылды.
14-колонкада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да бөлу "/" белгісі арқылы, электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында құжаттың берілген күні және нөмірі көрсетіледі. Егер құжаттың берілген күні және (немесе) нөмірі болмаса, "–" белгісі қойылады.
28. "Ескертпе" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.
Бағанда ЭЖКЖД толтырған адамның қалауы бойынша қосымша мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
29. Егер бір жеке жүкқұжат бойынша екі және одан да көп тауарлар өткізілсе, осындай жеке жүкқұжат бойынша өткізілетін тауарлардың жалпы құны туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде мүше мемлекеттің валютасында және жалпы брутто салмағында, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД-ның тиісті бағанының жеке жолдарында көрсетіледі.
ЭЖКЖД-да мәлімделген мүше мемлекеттің валютасындағы және жалпы брутто салмағындағы жиынтық құн туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД-ның тиісті бағанының жеке жолдарында көрсетіледі.
30. "ЭЖКЖД толтырған адам туралы мәліметтер, күні" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.
Бағанда ЭЖКЖД толтырған адам туралы мәліметтер және ЭЖКЖД-ның толтырылған күні көрсетіледі.
Бұл мәліметтер:
тұлғаның кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгенін куәландыратын құжаттың кодын немесе құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес тұлғаның кеден өкілдері тізіліміндегі тіркеу нөмірін және үтір арқылы тұлғаның кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгенін куәландыратын құжаттың нөмірін немесе тұлғаның кеден өкілдері тізіліміндегі тіркеу нөмірін;
ЭЖКЖД толтырған жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес);
кеден өкілінің штат кестесіне сәйкес атқаратын лауазымын;
егер ЭЖКЖД-ны кеден өкілінің басшысы толтырса, құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кеден өкілі басшысының өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, не егер ЭЖКЖД-ны кеден өкілінің қызметкері толтырса, кеден өкілінің атынан әрекет етуге берілетін сенімхаттың кодын, кеден өкілі басшысының өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, кеден өкілінің атынан әрекет етуге берілетін сенімхаттың нөмірін, сондай-ақ кеден өкілінің басшысының өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың кк.аа.жж форматындағы (күн, ай, күнтізбелік жыл) берілген күнін немесе кеден өкілінің атынан әрекет етуге берілетін сенімхаттың кк.аа.жж форматындағы (күн, ай, күнтізбелік жыл) берілген күнін, егер мұндай мерзім белгіленсе, кеден өкілінің атынан әрекет етуге берілетін сенімхаттың кк.аа.жж форматындағы (күн, ай, күнтізбелік жыл) қолданылу мерзімін (бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – үтір арқылы бір жолмен көрсетіледі);
кеден өкілінің байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес) қамтиды.
Осы тармақта көзделген мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – жеке жолдарда көрсетіледі.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да ЭЖКЖД-ны толтырған адам бағанда көрсетілетін мәліметтердің төменгі жағына өзінің қолтаңбасын, кк.аа.жж форматында (күн, ай, күнтізбелік жыл) ЭЖКЖД толтырған күнін қояды және егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кеден өкілінде мөр болуға тиіс болса, кеден өкілінің мөрін басу жолымен ЭЖКЖД-да көрсетілген мәліметтерді куәландырады.