Тауарларға арналған декларацияны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат ретінде пайдаланудың өзге жағдайлары туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 180 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 164-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Тауарларға арналған декларация (бұдан әрі – ТД) Кодекстің 164-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа мына:

      а) Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылатын және ТД-да көрсетілген шетелдік тауарлардың декларанты тікелей жүзеге асырған, бұл ретте мына шарттар сақталған:

      ТД-да қайта өңделген өнімдерді алу үшін пайдаланылатын барлық шетелдік тауарлар туралы мәліметтер көрсетілген;

      егер кеден органына ТД тапсырылған Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында жалпы кедендік құнның өзге шамасы айқындалмаған болса, ТД-да көрсетілген тауарлардың жалпы кедендік құнының шамасы 10 000 евроға балама сомадан аспайтын;

      қайта өңделген өнімдердегі шетелдік тауарларды сәйкестендіру тәсілі ретінде Кодекстің 167-бабының екінші – бесінші абзацтарында белгіленген сәйкестендіру тәсілдерінің бірі пайдаланылған;

      егер мұндай қорытынды беру кеден органына ТД тапсырылған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, ТД-да мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) не тәуелсіз сараптамалық ұйымының сандық және (немесе) пайыздық мәнде қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары туралы қорытындысы туралы мәліметтер көрсетілген;

      б) олар туралы мәліметтер ТД-да көрсетілген шетелдік тауарлар аумағында кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылатын мүше мемлекеттің уәкілетті органы Кодекстің 169-бабының 2-тармағына сәйкес қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығу нормаларын белгілеген, бұл ретте мына шарттар сақталған:

      ТД-да осындай стандартты нормаларды белгілейтін құжат туралы мәліметтер көрсетілген;

      қайта өңделген өнімдердегі шетелдік тауарларды сәйкестендіру тәсілі ретінде Кодекстің 167-бабының екінші – бесінші абзацтарында белгіленген тәсілдердің бірі пайдаланылған жағдайларда Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат ретінде пайдаланылады деп белгіленсін.

      2. Осы Шешімнің 1-тармағының ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша) 2.9 және 2.10-бөлімдеріне енгізілген тауарлар үшін қолданылмайды.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады