Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 181 шешімі

      Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін Беларусь Республикасының кәсіпорындары өндірген ішуге арналған сүттің Ресей Федерациясына жеткізіліміне уақытша шектеулер енгізу бөлігінде орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ресей Федерациясына Беларусь Республикасының кәсіпорындары өндірген ішуге арналған сүттің өз аумағындағы айналысы кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабының 2-тармағын орындау қажеттігі туралы хабарлансын.

      2. Ресей Федерациясы Үкіметінен қабылданған шаралар туралы осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т.Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады