Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Электрмеханикалық құрылғыны білдіретін, ішінде мембрана, реттеуші серіппе, ауыстырып-қосқыш, кернеуі 1000 В аспайтын электр тізбегіне қосылатын жалғастыру клеммасы орнатылған корпустан тұратын, жұмыс қағидаты сұйық немесе газ тәріздес ортада қысымның ең жоғары немесе ең төмен мәніне жету кезінде электр түйіспелердің тұйықталуына және ажыратылуына негізделген қысым релесі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8536 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |