Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне кілемдер өндірісіне арналған латеске қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 189 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) №1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын:

      б) №2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар қосылсын;

      в) №3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 47С ескертпесімен толықтырылсын:

      "47С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы №189 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2021 дейінгі аралықта қолданылады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№189 шешіміне
№1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос. өлш.бірл.




4002 11 000 0
 

- - латекс


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№189 шешіміне
№2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос. өлш.бірл.




4002 11 000

- - - латекс:


4002 11 000 1

- - - кілемдер өндірісіне арналған5)


4002 11 000 9
 

--- өзгесі


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№189 шешіміне
  №3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуромен, не АҚШ долларымен)




4002 11 000 1

- - - кілемдер өндірісіне арналған5)

547С

4002 11 000 9

--- өзгесі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады