Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Флюсті материалдардың ұнтақ тәрізді қоспасы болып табылатын ұнтақты өзекшелі жұқа қабырғалы ұзын түтікше түріндегі қара металдан жасалған қабықшадан тұратын, берілген пайдалану параметрлеріне сәйкес сапалы жіктерге қол жеткізу үшін дәнекерлеу жұмыстары кезінде қолданылатын үздіксіз электродты білдіретін ұнтақты сым сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8311 20 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |